Мы в соцсетях 

 facebook ok vk youtube

Антикоррупционная служба 

Колл центр 1424

Дворец школьников 

Облако тегов 

Наши посещения 

15778053
Сегодня
Вчера
На этой неделе
На прошлой неделе
В этом месяце
За прошлый месяц
За все дни
4931
13074
47550
15471449
432416
367126
15778053

Ваш IP: 18.119.157.241
Время: 2024-12-26 09:07:49

Күзгі каникул көңілді өтуде

Күзгі каникул көңілді өтуде Күзгі каникул көңілді өтуде
Күзгі каникул көңілді өтуде Күзгі каникул көңілді өтуде

2017 жылдың 3 қарашасында М.Катаев атындағы Оқушылар сарайының педагогтары Павлодар мектептерінің оқушылары үшін күзгі каникул мезгілінде біріңғай әдістемелік күн ұйымдастырды. Аталмыш іс-шараға Павлодар қаласының №№ 13, 14, 17, 19, 23, 28, 32, 34, 35, 37, 39, 43 ЖОББМ-нің оқушылары және Успен ауданының Константиновская мектебінің оқушылары қатысты. Бұл күнгі мерекенің бағдарламасында шеберлік сабақтар, кіші хайуанаттар бағы мен обсерватория және планетариға экскурссиялар қарастырылды.

Күзгі каникул көңілді өтуде Күзгі каникул көңілді өтуде
Күзгі каникул көңілді өтуде Күзгі каникул көңілді өтуде

Оқушылар сарайының ғылым және техника бөлімінің педагогтары Ирина Матвеева «Саябақ бойынша саяхат», Гүлнар Бектогаева «Күз» атты шығармашылық шеберханасы, Асем Аипова «Журналистика бойынша коммуникативтік ойындар» өткізді. Ал эстетика бөлімінің педагогтары Д. Реймхен «Қағаздан өрілген бұйымдар», Евгения Леденёва «Күзгі гүлшоғы» фейс арт жасау, Жанар Амантаева «Туған күніңмен, сүйікті сарайым!» атты оригамимен топпен жұмыс орындады. Көркемөнер бөлімінің педагогтары Елена Баркова «Ән театрында сабақ берудің ерекшеліктері», Куаныш Райымбеков «Бастапқы кезеңде домбырада ойнау ерекшеліктері», Д. Гимазетдинова «Қазақ биінің ерекшеліктері», Баршагүл Ногаева «Вокалдық шеберліктің бастапқы дағдылары» атты шеберлік сабақтар жүргізді.

Күзгі каникул көңілді өтуде Күзгі каникул көңілді өтуде
Күзгі каникул көңілді өтуде Күзгі каникул көңілді өтуде

Әдістемелік күннің соныңда Оқушылар сарайының туған күніңе арналған мерекелік концерттік өтті. Аталмыш шараға Павлодар қаласы мектептерінен 200-ге жуық оқушы қатысты.

Добавить комментарий