Біз әлеуметтік желідемізБейнежаңалықтарОқушылар сарайыОблако теговЖиі оқылатын ақпаратБіздің қатысулар18615656
Бүгін Ертең Осы жұмада Өткен жұмада Осы айда Өткен айда Барлық күндер 8079 16588 68976 18324797 39224 307313 18615656 Сіздің IP: 216.73.216.237
Уақыт: 2025-08-03 14:30:19
|
Оқушыларға қауіпсіздік тәртібі формалары туралы ақпар берілді
Павлодар қаласының 4 педагогы және 76 оқушы үшін 25 қаңтар күні «Өмір жолының қауіпін жеңу» атты тақырыпта Балалар қоғамдық қабылдауы өтті. Іс-шараға Павлодар облыстық ЖИТС-тің алдын алу және күресу жөніңдегі орталығының мамандары қатысты. Жасөспірімдерге нашақорлыққа тәуелді болатын қызықты әрі танымдық бейнероликтер мен танымдық бағдарламалар дайындалды. Қабылдауға келген қонақтар бейәлеуметтік ортада қауіпсіз мінез-құлық үлгілерінің түрлері туралы білді. Оқушылар ЖИТБ-тің алдын-алу, жұқпалы аурудың жолдары жайлы викторинаға белсене қатысты. Бағдарламаның бір бөлігі «ЖИТБ-тің» инфекциясын жұқтырған адамдармен мінез-құлық және қарым-қатынас моделін құру арқылы «Менің әлемім» атты ақпараттық ойын болды. Бұл ойынды Оқушылар сарайының психологы Марина Коржова өткізді. Балалар қоғамдық қабылдауының соныңда «Салауатты өмір салтын қолдаймыз!» және «АИТВ-ЖИТС» жұқпалы аурулары жайлы ақпараттық буклеттер таратылып, осы өзекті мәселемен айналысатын мекемелердің сенім телефондары және мекен-жайлары берілді.
|