Мы в соцсетяхАнтикоррупционная службаДворец школьниковОблако теговСамые читаемыеНаши посещения15983996
Сегодня Вчера На этой неделе На прошлой неделе В этом месяце За прошлый месяц За все дни 10066 5464 31529 15648833 125341 513018 15983996 Ваш IP: 18.117.184.125
Время: 2025-01-08 21:30:35
|
№ 27-ші мектептің балалары Оқушылар сарайының педагогтарымен танысты
Оқушылар сарайы Павлодар қаласы мектептерімен ынтымақтастықта жұмыс жасаудың қызықты түрлерін атқаруда. Қосымша білім беру педагогтары, шығармашылық клубтар мен студиялардың жетекшілері, оқу жылының ішінде көрсеткіш сабақтармен әр түрлі мектептерге барды. Қыркүйек айының соныңда осындай сабақтар жалғасын тапты. Өзінің шығармашылық алаңдарын Сарайдың педагогтары №27 ЖОМ-де өткізді. Педагогтардың мектепке баруын ұйымдастырған әдістемелік бөлімнің меңгерушісі Лилия Торощина болды. Педагог Базыл Утилов №27 мектеп оқушыларына КВН ойынының ерекшеліктермен таныстырып шықты. Мектеп оқушылары шығармашылық студияларының жетекшілері Темірлан Аскаусов және Бауыржан Сейталиевпен бірге жүргізушілер ролін ойнап көрді. Светлана Факрудинова оқушылармен бірге «Магнитофон» әрі «Бағдаршам» ойындарын ойнады. «Таңғажайып сандық» атты әдеби-ойын бағдарламасы арқылы Марина Юрченкомен балалар өлең құрастыруды үйренді. Елена Каркавина мен Гүлнар Бектогаеваның сабақтарында балалар қағаз, желім әрі қайшымен жұмыс жасады. Елена Вайберт жоғары сынып оқушыларына мектеп қабырғасында баспасөз-орталығының қызметі жайлы баяндап берді. Ол тілші маманының жұмысымен таныстырып, қоғамдық балалар-жасөспірімдер ұйымының «Твой мир» газетімен жұмыс жасауға шақырды. Психолог Марина Коржова болса жасөспірімдермен сұхбаттасып, қақтығыс жағдайларды шешудің амалдарын ұсынып, мектеп психологына кеңестер берді. Шебер-сыныпқа 150-ден астам оқушылар қатысты. |