Біз әлеуметтік желідемізБейнежаңалықтарОқушылар сарайыОблако теговЖиі оқылатын ақпаратБіздің қатысулар19620665
Бүгін Ертең Осы жұмада Өткен жұмада Осы айда Өткен айда Барлық күндер 5667 14833 68477 19264172 264700 378960 19620665 Сіздің IP: 216.73.216.189
Уақыт: 2025-10-17 08:35:57
|
Рахмет айту дәстүрі пайда болды
2016 жылдың 1 наурыз күні М.М.Катаев атындағы Облыстық оқушылар сарайында, Қазақстанда Алғыс білдіру күніңе орай «Жүректен жүрекке» атты концерттік бағдарлама өтті. Павлодарлық Оқушылар сарайының ең үздік көркем өнер ұжымдары, Халықаралық және Республикалық конкурстар мен жарыстардың жеңімпаздары жиналған қауымның алдыңда өнерлерін көрсетті.
Көрермендер «Свет звезды» үлгілі ән театрының «Шалунишки» атты тобының ең кішкентай әртістерінің таңқаларлық попуррин тыңдады. Сахына төрінен Отан, туған жер жайлы, Елбасы туралы әндер шырқалды. «Анастасия» спорттық-би клубы, «Вдохновение» үлгілі би ансамбілі, «Жас даурен» вокал студиясы, «Музыкальный квартал» эстрадалық вокал студиясы, «Блэйз» эстрадалық үлгілі би ансамбілі, «Дебют» авторлық ән театры – қонақтарға тамаша өнерлерін паш етті. Алғыс хаттармен жай ғана мейірімді жандар, көмекке келген ұйымдардың өкілдері, мейірімді бастамаларға қолдау жасаған азаматтар марапатталады. Өскелең ұрпаққа тәрбие берген жандарға, балалардың асқақ армандарын орындауға көмектескен тұлғаларға алғыс сөздері айтылады. |