Біз әлеуметтік желідемізБейнежаңалықтарОқушылар сарайыОблако теговЖиі оқылатын ақпаратБіздің қатысулар18576370
Бүгін Ертең Осы жұмада Өткен жұмада Осы айда Өткен айда Барлық күндер 13590 6673 29690 18324797 307251 380557 18576370 Сіздің IP: 216.73.216.237
Уақыт: 2025-07-31 23:50:07
|
Президенттік шырша
Жылдағы дәстүр бойынша Павлодар облысында Президенттік шырша мерекесі «Ғажайыпқа толы Жаңа жыл» деген атаумен өткізілді. Облысымыздың дарынды балалалары мен ерекше қамқорлықты қажет ететін балалары Павлодар қаласындағы Астана мұз сарайына жиналды. Жасыл шырша айналасында ән айтып, би биледі. Еліміздің үміт артар болашақ өрендеріне Елбасы да өзінің құттықтауын көгілдір экран арқылы жеткізді. Ал облыс әкімінің орынбасары Орсариев Арын Амангелдіұлы балаларға Жаңа жылдық сыйлықтар табыстады. Енді әр бала өзімен бірге Павлодардан планшет алып қайтатын болды. Кеш соңынан балалар мерекелік дастарханнан дәм татып, көтеріңкі көңіл-күймен тарасты. |