Мы в соцсетяхАнтикоррупционная службаДворец школьниковОблако теговСамые читаемыеНаши посещения24142454
Сегодня Вчера На этой неделе На прошлой неделе В этом месяце За прошлый месяц За все дни 15372 18015 89379 23729737 453997 579883 24142454 Ваш IP: 216.73.217.150
Время: 2026-09-25 13:23:40
|
Оқушылар сарайында практикалық вебинар өтті
2020 жылдың 15 қазан күні «Білім беруді жаңғырту жағдайында педагогикалық шеберлік оқушы тұлғасын қалыптастыру және дамытудың факторы» атты вебинар өтті. Іс-шараға облысымыздың білім беру ұйымдарынан 100-ге жуық педагогтар мен әдіскерлер қатысты. Оқушылар сарайының қосымша білім беру педагогтары өз жұмыс тәжірибелерімен бөлісті. «Қаламгер» студиясының жетекшісі Асем Аипова «Медиабілімді оқу-тәрбие үдерісіне біріктіру» атты тақырыпта сөз қозғады. «Сымбат» бейнелеу студиясының жетекшісі Елена Каркавина қашықтықтан оқыту кезеңіндегі жұмыстың жаңа бөлімдері мен техникалары туралы баяндап берді. «Домбыра үйретудің алғашқы сабақтары» тақырыбында «Мұрагер» домбыра үйірмесінің жетекшісі Алтын Кенжиханова сөз алды. «Жобалық-шығармашылық қызметті жүзеге асыру үшін интернет платформасының мүмкіндіктері» жайлы «Basic design» IТ үйірмесінің жетекшісі Павел Сербиненко баяндама жасады. Техникалық шеберлік конкурсына қатысушыларды әдістемелік қолдау жайлы «Антарес» астрономдар клубының жетекшісі Гульнара Баубекова айтып берді. «Білімпаз» студиясының жетекшілері Альмира Айтмуханова және Бейбигуль Рспаева «Қосымша білім беру жағдайында ТРИЗ-ды қолдану» тақырыбында мол мағлұмат берді. Оқушылар сарайы әдістемелік бөлімнің жетекшісі Бағлан Ашенова вебинардың қортындысын шығарып педагогтарды ынтымақтастықта жұмыс жасауға шақырды. |














