Біз әлеуметтік желідемізБейнежаңалықтарОқушылар сарайыОблако теговЖиі оқылатын ақпаратБіздің қатысулар19618866
Бүгін Ертең Осы жұмада Өткен жұмада Осы айда Өткен айда Барлық күндер 3868 14833 66678 19264172 262901 378960 19618866 Сіздің IP: 216.73.216.189
Уақыт: 2025-10-17 05:43:40
|
«Вдохновение» үлгілі би ансамбілінің көктемгі жұлдызды жеңісі
2019 жылдың 28-31 наурыз күндері Ташкент қаласында (Өзбекістан) «Одаренные дети - фестиваль талантов» аты 1-ші Халықаралық жыл сайын өтетін фестиваль – конкурсы болды. Аталмыш додаға Қазақстан, Өзбекістан, Ресей елдерінен келген 50 би ұжымдарынан 1500 жас бишілер қатысты. М.М.Катаев атындағы облыстық Оқушылар сарайының «Вдохновение» үлгілі би ансамбілі «Әлем халықтарының биі» және «Эстрадалық би» номинациялары бойынша билерін ортаға салды. Біздің ұжымның өнерін қазылар алқасы жоғары бағалады.
«Әлем халықтарының биі» және «Эстрадалық би» номинациялары бойынша жоғары топ бірінші орынға қол жеткізді. «Ёхар», «Нар Ару», «Поэма», «Романс» билері көрермендердің көңілінен шықты. «Ситара», «Данс микс», «Сьюзи», «Концерт на крыше» атты билерімен орта топ екінші орынға жайғасты.
Кіші топтың «Эстрадалық вокал» номинациялары бойынша «Калинка» және «Цыплята» билері 3 орынды иеленді.
- Конкурс екі күн қатарынан өткен болатын. Барлық қатысушылар би өнерінің жоғары деңгейін көрсетті. Сайыспен қатар оқушылар Самарканд және Ташкент қалаларында мәдени-бұқаралық бағдарламаға қатысты. Оқушылар киелі жерлерге, хайуанттар бағына барып, өзбек халқының нағыз палауының дәмін татты. Жас өнерпаздар сайыстан керемет әсер алды,-дейді ұжым жетекшісі Галина Лапухина. |