Мы в соцсетяхАнтикоррупционная службаДворец школьниковОблако теговСамые читаемыеНаши посещения23018294
Сегодня Вчера На этой неделе На прошлой неделе В этом месяце За прошлый месяц За все дни 8169 10129 56442 22740917 232542 270568 23018294 Ваш IP: 216.73.216.248
Время: 2026-07-25 15:19:46
|
«Splash» заманауи би студиясы «РОЗЫ ОБЗОРА» Халықаралық жобасына қатысты
Оқушылар сарайының «Splash» заманауи би студиясы шілде айының 2-16 аралығында Болгария елі, Обзор қаласында өткізілген «РОЗЫ ОБЗОРА» атты балалар мен жасөспірімдердің Халықаралық жобасына қатысып, жеңімпаз атанды. «Splash» заманауи би студиясының билері байқауға ұсынған 300 би қойылымдарының ішінен ең үздік болып танылды. Аталмыш би додасында павлодарлық бишілерден басқа Болгария, Ресей, Өзбекстан елінен бишілер қатысты. Павлодарлық би ұжымы бұл байқауға кіші топтан екі бірдей екінші орынға қол жеткізсе, орта жас ерекшелік санатында екі бірдей үшінші орынға жайғасты. Ал әр түрлі жас ерекшелік санатындағы қатысқан «Splash» заманауи би студиясына қазылар алқасы екінші орынды табыстады. Оқушылар сарайы «Splash» заманауи би студиясының «РОЗЫ ОБЗОРА» атты балалар және жасөспірімдердің Халықаралық жобасында ерекше өнер көрсеткен жас бишілер Ева Можейко мен Эмиль Дауытбеков қазылар алқасының көңілдерінен шықты. |














