Мы в соцсетяхАнтикоррупционная службаДворец школьниковОблако теговСамые читаемыеНаши посещения20911156
Сегодня Вчера На этой неделе На прошлой неделе В этом месяце За прошлый месяц За все дни 52 12440 52 20655127 244880 433954 20911156 Ваш IP: 216.73.216.15
Время: 2026-01-19 00:07:00
|
Шырша жыры басталды
Жаңа жыл — ең ғажайып, әдемі, ең жұмбақ және көңілді мереке! Желтоқсан айының басынан бастап М.М.Катаев атындағы Оқушылар сарайы жаңа жыл мерекесіне қызу дайындықты бастайды. Сарайдың тәрбиеленушілері мен педагогтері жаңа жыл мерекесін шалқар шабытпен қарсы алды.
Жылдағы дәстүр бойынша желтоқсан айының 23-29 аралығында Оқушылар сарайында Павлодар қаласының оқушылары үшін шырша жанында қойылымдар мен сахына үстінде жаңа жылдық спектакльдер көрсетілді.
Жаңа жыл - бұл балалық шақ мерекесі болғандықтан Оқушылар сарайының педаготері Сарайды жаңа жылдық әдемі әшекейлермен безендіріп, мерекеге байланысты ертегі қойылымдарын шебер ұйымдастырды. Шырша жанындағы ертегі қойылымдарын «Арман-шоу», «Калейдоскоп» және «Амплуа» театр студиялары дайындаса, көркемөнер бөлімінің барлық ән және би ұжымдары өздерінің ән шашуларын табыс етті.
Сарайымыздың ең кішкентай тәрбиеленушілері «Білімпаз» эстетикалық дамыту студиясы үшін «Кел, төрлет жаңа жыл» атты шырша жанында мерекелік бағдарлама ұсынылды. Сонымен қатар Павлодар қаласыны № 26, 34 ЖОМ-нің оқушылары үшін мерекелік ертеңгіліктер ұйымдастырылды. |














