Біз әлеуметтік желідемізБейнежаңалықтарОқушылар сарайыОблако теговЖиі оқылатын ақпаратБіздің қатысулар24855188
Бүгін Ертең Осы жұмада Өткен жұмада Осы айда Өткен айда Барлық күндер 8922 15043 48877 24515114 263301 375807 24855188 Сіздің IP: 216.73.216.185
Уақыт: 2026-11-19 13:17:20
|
Әр жанұяға мейірімді жүрекпен!
2017 жылдың 16 қарашасында «Рухани жаңғыру» республикалық бағдарламасы аясында Оқушылар сарайының «Арман-шоу» театр-студиясының әртістері мен «Ровесник» клубының еріктілері Павлодар облысының қарттар мен мүгедектеріне арналған үйіне концерттік бағдарламамен барып қайтты.
Концерттік бағдарлама барысында «Арман-шоу» театр-студиясының әртістері ән шырқаса, «Ровесник» клубының тәрбиеленушілері поппури айтты. Сахына төрінен мектеп, балалық шақ, алғашқы махаббат және Отан туралы әндер шырқалды. Көрермендер әртістерге шапалақтарын төгіп жатты. Сонымен қатар бұл күні «Ровесник» клубының еріктілері әскери әндерді шырқады. Қайырымдылық шараны ұйымдастырушылардың айтуы бойынша, бұндай концерттер Сарай тәрбиеленушілерін мейірімділікке, үлкенге деген ізет-құрметке тәрбиелейді. Концерттік бағдарламаға Оқушылар Сарайының 25 тәрбиеленушілері қатысты. Аталмыш мерекені Павлодар облысының қарттар мен мүгедектеріне арналған үйінен 62 тұрғын тамашалады. |














