Біз әлеуметтік желідемізБейнежаңалықтарОқушылар сарайыОблако теговЖиі оқылатын ақпаратБіздің қатысулар22061363
Бүгін Ертең Осы жұмада Өткен жұмада Осы айда Өткен айда Барлық күндер 8682 9132 17814 21814478 213294 343241 22061363 Сіздің IP: 216.73.216.142
Уақыт: 2026-04-21 17:11:29
|
Жаз,би,теңіз!
М.Катаев атындағы Облыстық Оқушылар сарайының «Splash» заманауи би студиясының бишілері «Черноморский олимп» атты X-шы Халықаралық фестиваль-конкурсына қатысып, жеңімпаз атанды.
Сочи фестивалі маусым айында Дагомыс кешенінде өткен болатын. Павлодарлық бишілер фестивальге кіші, орта және жоғары топтардан бірнеше билерімен келген болатын. Кіші топ «Лягушата» және «Охотники за приведениями» атты билерді шебер орындап 1-ші жүлделі орынға ие болды. Орта топ «Толғау», «Пингвины», «Валенки» және «Спецназ» атты билермен өнер көрсетті.
8-10 жас аралық санатындағы оқушылар I және III дәрежелі дипломдарға ие болды. Контемпорари жанрында билеп, «Послание» биін сахынада көрсеткен Ангелина Доманская және Лиана Постырнак деген биші қыздар дуэетте билеп, 2-ші орынға қол жеткізді. «Splash» заманауи би студиясының жетекшісі Ирина Можейко сайыс қазылары және ұйымдастырушыларымен бірге, сайысқа қатысқан барлық қатысушылардың билерін талқылау үшін дөңгелек үстелге қатысты.
|














