Біз әлеуметтік желідемізБейнежаңалықтарОқушылар сарайыОблако теговЖиі оқылатын ақпаратБіздің қатысулар14591520
Бүгін Ертең Осы жұмада Өткен жұмада Осы айда Өткен айда Барлық күндер 6086 11064 78637 14235361 66416 356704 14591520 Сіздің IP: 18.218.220.214
Уақыт: 2024-10-06 16:18:13
|
«Дебют» авторлық студиясының кішкентай жұлдыздары
9-15 маусым аралығында Болгарияның Варна қаласында «Солнце, искусство и море» атты Халықаралық балалар-жасөспірімдер конкурс-фестивалі өтті. Аталмыш байқауға М.М.Катаев атындағы Облыстық Оқушылар сарайы «Дебют» авторлық студиясының әншілері мен «Жас екпін» домбыра ұжымы қатысты. Вокал ұжымының жас әншілері бұл байқауда бірнеше рет жеңімпаз атанды. Данелия Кульниязова «Ғашық жүрек» әнің орындап жоғары категорияда I-ші дәрежелі дипломға ие болды. Жас әнші бұл байқаудың гала-концертінде «Радуга» әнің шырқады. Әділхан Кайрулла «Алға Қазақстан» әнімен I –ші орынға жайғасты. Ажар Ерубаева мен Акбар Игламбек қосылған дуэті «Достар-ай» әнің шырқап II-ші орынға қол жеткізді. Ал Оқуышлар сарайының «Жас екпін» домбыра студиясының тәрбиеленушісі Акбар Игламбек домбырада күй орындап II-ші орынға иеленді. «Солнце, искусство и море» атты Халықаралық балалар-жасөспірімдер конкурс-фестивалінің ұйымдастырушылары атынан үздік жетекші мен аккомпаниаторы ретінде дипломға ие болды. «Дебют» авторлық студиясының жетекшісі Эльвира Лютровник үздік авторлық студиясының жетекшісі үшін дипломға ие болды. «Дебют» авторлық студиясының жас әншілері сахынада тек қана эксклюзивті авторлық әндерді орындайды. Балалар әндерді жазатын Қазақстан композиторлар одағының мүшесі Эльвира Тавкилевна Лютровник. Студияның аккомпаниаторы Капарова Динара Зиадиновна. |