Мы в соцсетяхАнтикоррупционная службаДворец школьниковОблако теговСамые читаемыеНаши посещения18222331
Сегодня Вчера На этой неделе На прошлой неделе В этом месяце За прошлый месяц За все дни 4470 14537 55628 17933280 333769 340041 18222331 Ваш IP: 216.73.216.64
Время: 2025-06-27 06:34:06
|
«Арман-шоу» тәрбиеленушілері Астанада жеңіске жетті
Облыстық Оқушылар сарайы «Арман-шоу» театр-студиясының тәрбиеленушілері бірінші және екінші жүлделі орындарға ие болды. Олар III-ші Халықаралық балалар, жасөспірімдер мен ересектердің шығармашылық «Салют Весны» атты байқауына қатысты. Бұл байқау Астана қаласында 2017 жылдың 29-шы сәуірден 2-ші мамырға дейін өткен болатын. Дияр Тлеубергенов, Али Шәкірт және Асель Оразалиналар 10-12 жас аралығындағы ересектер санатында өнер көрсеткен болатын. Барлық оқушылар «Вокал» номинациясына қатысып, Дияр I-ші орынды иеленсе, Али мен Әсел – II-ші орынға жайғасты. 7-9 санатында Абай Шәкірт өнер көрсетіп, Оқушылар сарайын таныстырды. Абай «Вокал» номинациясында II-ші дәрежелі дипломға ие болды. III Халықаралық балалар, жасөспірімдер мен ересектердің шығармашылық «Салют Весны» атты байқауы «Звёзды Евразии» Халықаралық шығармашылық жобасы аясында өткен болатын. Елімізде «Звёзды Евразии» атты Халықаралық шығармашылық жобасы ең ірі мәдени-қайрымдылық жобалардың бірі болып саналады. «Звёзды Евразии» Халықаралық жобасы аясында өткізіліп отырған конкурс-фестивальдер, еліміздің ең танымал сахналарында өтеді.
|