Антикоррупционная службаКолл центр 1424
Дворец школьниковОблако теговСамые читаемыеНаши посещения24592249
Сегодня Вчера На этой неделе На прошлой неделе В этом месяце За прошлый месяц За все дни 362 16785 65563 24318214 362 359811 24592249 Ваш IP: 216.73.216.170
Время: 2026-11-01 00:19:50
|
Теңіз құпиясы ашылды
Оқушылар сарайының «Білімпаз» эстетикалық тәрбие беру және дамыту студиясында қаңтар айының 26-нан ақпан айының 26 күні аралығында «Теңіз тұрғындары» атты танымдық-шығармашылық жоба болып өтті. Жобаны іске асыру барысында балаларға «Дельфиндер», «Теңіз тұрғындары», «Теңіз құпиясы» жайлы бейнероликтер мен презентациялар көрсетілді. Оқушылар теңіз жануарлары туралы көркем әдебиетті оқып танысты. Андерсеннің «Русалочка» атты ертегісі, Пушкиннің «Сказка о рыбаке и рыбке» және Барановтың «Дельфины» атты шығармалары кішкентай студия тәрбиеленушілеріне нағыз жаңалық болды. Кішкентай балғындар «Теңіз тұрғындары» атты шығармашылық көрмеге қатысты. Жоба ұйымдастырушыларының ойынша осындай іс-шаралар балалардың теңіз туралы және оның тұрғындары жайлы білімдерін кеңейтеді. Аталмыш жобалар аясында балалар ата-аналармен, құрбыларымен, ұстаздарымен тығыз қарым-қатынас жасайды. Айта кетсек, «Білімпаз» студиясының бұл екінші жобасы болып отыр, бірінші жоба 2015 жылдың 12 қазан мен 12 қараша арасында «Наши соседи – насекомые» атты жобасы болған. |














