Біз әлеуметтік желідеміз 

 facebook ok vk youtube

Бейнежаңалықтар 

Оқушылар сарайы 

Облако тегов 

Біздің қатысулар 

23879365
Бүгін
Ертең
Осы жұмада
Өткен жұмада
Осы айда
Өткен айда
Барлық күндер
9534
26581
106523
23518970
190908
579883
23879365

Сіздің IP: 216.73.216.180
Уақыт: 2026-09-13 14:16:35

Жәндіктер әлемі

…зелёненький он был …зелёненький он был

Оқушылар сарайының «Білімпаз» эстетикалық тәрбие беру және дамыту бөлімінің экологиялық және танымдық жобасы «Құрт-құмырсқалар – біздің көршілеріміз» деп аталды. 2015 жылдың 12 қазанынан 12 қарашаға дейін аталмыш бағдарлама іске асты.

Бір ай бойы балалармен жәндіктер туралы әңгімелер жүргізілді. Оқушылар құмырсқалар, қоңыздар, қызыл қоңыздардың өмірлері жайлы танымдық мультфильмдерді тамашалап, тақырыпқа сай қозғалыс және үстел ойындарын ойнады. Қосымша білім беру педагогы Лилия Решетникованың тәрбиеленушілері басқа топтың оқушыларына «Саңырауқұлақ астыңда» атты ертегі қойылымын көрсетті. Балалар рольдерде ойнап, би биледі. Кішкентай әртістердің костюмдерін ата-аналары дайындады.

Жобаның қорытындысында «Құрт-құмырсқалар – біздің көршілеріміз» атты көрме ұйымдастырылды. Бұл көрмеге педагогтар, оқушылар және олардың ата-аналары қатысты. Жобаның белсенді қатысушылары мақтау қағаздарына ие болды.

 

Түсініктемелер қосу