Біз әлеуметтік желідемізБейнежаңалықтарОқушылар сарайыОблако теговЖиі оқылатын ақпаратБіздің қатысулар16884328
Бүгін Ертең Осы жұмада Өткен жұмада Осы айда Өткен айда Барлық күндер 7713 14492 48124 16552411 230773 334233 16884328 Сіздің IP: 3.142.142.113
Уақыт: 2025-03-14 18:08:04
|
Новосібір жұлдызды аспаны астыңда
2015 жылдың 18-20 қыркүйек аралығында М.Катаев атындағы облыстық Оқушылар сарайының «Антарес» астрономия үйірмесінің командасы оныншы Сібірлік астрономиялық форумында болып қайтты. Павлодардан келген алты адамнан тұратын «Антарес» астроүйірмесі, астрономдарға арналған Сібірлік форумда Қазақстаннан келген алғаш топ болды. Бұл командаға енгендер Дамир Бекбаев, Данияр Мұхтарханов, Әділ Қайрден, Лаура Макишева, Данил Голубев, Артем Шишкин және «Антарес» үйірмесінің жетекшісі Гүлнар Қайырболатқызы Баубекова еді. Сібірлік астрономиялық форум жыл сайын 2006 жылдан бастап Новосібір маңында «Чкаловец» сауықтыру лагерінде Обский теңізінің жағасында өткізіледі. Бұл форум Новосібір қаласының әкімдігінің «Швабе қорғау» АҚ, Сібір геологиялық жүйесі мен технология мемлекеттік университетімен қоса өткізіліп отырған іс-шара. Өткен жылдағы форум секілді, осы жылғы форум да қыркүйек айында өткізіліп отырғаны кездейсоқ емес. Қыркүйек айының ортасы ауа райының жылы мезгілі, қараңғы түндер кезі астрономиялық бақылауларға арналған өте қолайлы уақыт. Форумның басты мақсаты астрономияның қоғамдық маңыздылығын көрсету, оқушыларға кәсіби бағдарға көмек беру, космос туралы ғылымда заманауи жетістіктерді талқылау. Аталмыш форумға қатысқан павлодарлық балалар үшін әуесқойлық астрономияны зерттеу ынталарын аса көтерді. Сібірлік астрономиялық форумның ұйымдастырушылары Павлодар қаласының «Антарес» үйірмесінің тәрбиеленушілеріне жаңа телескопты сыйға тартты.
|