Мы в соцсетяхАнтикоррупционная службаДворец школьниковОблако теговСамые читаемыеНаши посещения19632929
Сегодня Вчера На этой неделе На прошлой неделе В этом месяце За прошлый месяц За все дни 3246 14685 80741 19264172 276964 378960 19632929 Ваш IP: 216.73.216.189
Время: 2025-10-18 04:29:10
|
«Асылмұра» таңымдық бағдарламасы
Бейсенбі, 6 қараша күні,күзгі каникул шеңберінде Оқушылар сарайының кіші залында «Асылмұра» атты таңымдық бағдарламасы ұйымдастырылып өткізілді. Іс-шараның мақсаты: оқушыларға қазақ халқының салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрпының тәрбиелік мәнін ұғындыру,баланың бойына адамгершілік қасиеттерін қалыптастыру,халық өнегесін үйрету;бабалардан қалған ұлағаттты,ғибрат аларлық сөздерді балаларға ұғындыру,сол сөздерден өнеге алуға баулу.
Іс-шараны ұйымдастырған үйірмелерді мемлекеттік тілде жүргізетің Сарайдың қосымша білім беру педагогтері. Сайыс өтетін орын ұлттық нақышта безендірілді. Педагогтер де, көрініске қатысқан балалар да ұлттық киімде өнерлерін көрсетті. Әр ауылдың көшбасшысы өз бағыты бойынша дайындалып,топтарды өз ауылын да қарсы алды. Ауылдың атаулары мынадай болды: «Мұрагер», «Шеберлер», «Көкпар», «Мерекелік дастархан», «Өнерпаздар». Әр бір топ ауыл келген топ салт-дәстүрлерден, қол өнерден көріністерді тамашалап,ұлттық ойындар түрлерімен танысып, ойындарға қатысты, ұлттық аспаптар туралы мәлімет алып, дастархан басында қазақтың қонақжайлығына танты болды.Ойын балаларға қызықты да таңымды болды. |