Біз әлеуметтік желідемізБейнежаңалықтарОқушылар сарайыОблако теговЖиі оқылатын ақпаратБіздің қатысулар16884308
Бүгін Ертең Осы жұмада Өткен жұмада Осы айда Өткен айда Барлық күндер 7693 14492 48104 16552411 230753 334233 16884308 Сіздің IP: 3.145.84.90
Уақыт: 2025-03-14 18:03:41
|
Каникул жасасын!
4 қарашада, каникулдың бірінші күні,Оқушылар сарайының педагогтері қызықты іс-шаралардың бірнеше топтамасын өткізді. Тәжірибелі педагогтер А. С. Бекбулатова, К. К. Бекхожина және К. К. Досымханованың жетекшілігімен таңертеңнен бастап спортзалда қала мектептерінің бірінші-төртінші сынып аралығындағы балаларға «Көңілді старттар», «Денсаулық-зор байлық» атты іс-шаралар өтті.
Бірінші қабатта Үлкен залдың фойесінде «Формула-1»автомобиль трекі бойынша қызықты жарыстар өтті, жас жарысушылармен педагогтер Г. С. Бектоғаева және Е. В. Вазиянов жұмыс жүргізді. Бір сағаттан соң екінші қабаттың фойесінде қала мектептерінің 5-6 сынып оқушыларына арналған «Стартнейджер» музыкалық-сауық бағдарламасы болды.
Ұйымдастырушы-педагогтер Б. Б. Сейталиев және С. С. Сулейменова тинейджерлермен жұмыс жүргізді. Күннің екінші жартысында «Достық шенберi»қайырымдылық жобасының шеңберінде Қарттар үйінде «Арман-шоу» театрының әншілері (жетекшісі - А. С. Бекбулатова) және «Анастасия»би-спорттық клубы (жетекшісі - Никитина В. А.) өз өнерін көрсетті. |