Біз әлеуметтік желідеміз 

 facebook ok vk youtube

Бейнежаңалықтар 

Оқушылар сарайы 

Облако тегов 

Біздің қатысулар 

19597305
Бүгін
Ертең
Осы жұмада
Өткен жұмада
Осы айда
Өткен айда
Барлық күндер
13328
16568
45117
19264172
241340
378960
19597305

Сіздің IP: 216.73.216.189
Уақыт: 2025-10-15 21:06:40

«Ұлы өнертабысқа алғашқы қадам» байқауының қорытындылары: Павлодар облысының дарынды балалары – болашаққа бағыт алған

Итоги конкурса «Первый шаг к великому изобретению»: шаг в будущее талантливых детей Павлодарской области. Итоги конкурса «Первый шаг к великому изобретению»: шаг в будущее талантливых детей Павлодарской области.
Итоги конкурса «Первый шаг к великому изобретению»: шаг в будущее талантливых детей Павлодарской области. Итоги конкурса «Первый шаг к великому изобретению»: шаг в будущее талантливых детей Павлодарской области.

2025 жылғы 2–20 қыркүйек аралығында Павлодар облысында Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің тапсырысы бойынша жыл сайын өткізілетін инновациялық идеялар республикалық байқауының облыстық кезеңі — «Ұлы өнертабысқа алғашқы қадам» байқауы өтті.
Байқаудың мақсаты – білім алушыларды ғылым мен техника салаларындағы зерттеу және өнертапқыштық қызметке тарту, дарынды балаларды қолдау, тұлғаның шығармашылық құзыреттілігі арқылы бәсекеге қабілеттілігін қалыптастыру және балаларды қосымша біліммен қамтуды кеңейту болып табылады

Итоги конкурса «Первый шаг к великому изобретению»: шаг в будущее талантливых детей Павлодарской области. Итоги конкурса «Первый шаг к великому изобретению»: шаг в будущее талантливых детей Павлодарской области. 

Конкурстық жұмыстарды қабылдау мен іріктеу онлайн форматта өтті, ал жеңімпаздардың тізімі 16–20 қыркүйек аралығында анықталды. Байқаудың дәстүрлі ұйымдастыру орталығы — М.М. Катаев атындағы Оқушылар сарайы, мұнда білікті педагогтерден құралған қазылар алқасы Павлодар облысының республикалық кезеңге қатысатын құрамасын іріктеді.
Биылғы жылы облыстық кезеңге барлығы 63 жұмыс ұсынылып, оның 56-сы байқау талаптарына сәйкес деп танылды. Қатысушылар қатарында жалпы білім беретін мектептердің, облыстық және қалалық мамандандырылған білім беру ұйымдарының, сондай-ақ қосымша білім беру мекемелерінің оқушылары болды.
Жұмыстарды бағалау кезінде жобалардың техникалық сипаттамалары, практикалық маңыздылығы, өзектілігі және қатысушылардың шешендік қабілеттері ескерілді. Ерекше белсенділік танытқан оқу орындарының қатарында — №3 гимназия, Баянауыл ауданының №2 Майқайың орта мектебі, Ұзынсу орта мектебі бар.
Жеңімпаздар тізімі
Көлік техникасы саласындағы техникалық модельдеу
1 орын – Қайролла Жания (Майқайың №2 орта мектебі)
2 орын – Макетай Нұрбол (№3 дарынды балаларға арналған гимназия)
3 орын – Төлеухан Ақжарқын (Ш. Шокин атындағы №2 мектеп)
Өнеркәсіп саласындағы техникалық модельдеу
1 орын – Тыныбек Медина (Майқайың №2 орта мектебі)
2 орын – Имангазина Карина (№3 гимназия)
3 орын – Мукушев Максат (Ұзынсу орта мектебі)
3 орын – Фот Валерия (Вознесенка негізгі мектебі)
Ауыл шаруашылығы техникасы және жабдықтары саласы
1 орын – Мержуев Муса (Ұзынсу орта мектебі)
2 орын – Айдарбек Аделя (З. Ақышев атындағы мектеп)
3 орын – Лазария Екатерина (Майқайың №2 орта мектебі)
Су көлігі саласы
1 орын – Мехновцов Шамиль (Балалар техникалық мектебі)
2 орын – Даулетулы Бауржан (№2 мектеп)
3 орын – Молдасарина Мерей (Ш. Шокин атындағы №2 мектеп)
3 орын – Цуркан Маргарита (№3 гимназия)
Авиация саласындағы модельдер
1 орын – Кудрявцев Кирилл (Балалар техникалық мектебі)
2 орын – Сагындык Асанали (№11 мектеп)
3 орын – Отт Роман (Алакөл орта мектебі)
Ғарыш және аэрокосмостық техника саласы
1 орын – Абылкасова Дамира (№3 гимназия)
2 орын – Агинтаев Адиль (№8 лицей)
2 орын – Шумакова Даная (№34 мектеп)
3 орын – Түймебай Дінмұхамед (№3 гимназия)
Құрылыс саласындағы модельдер
1 орын – Берікбекқызы Мадина (Майқайың №2 орта мектебі)
2 орын – Кусамин Кирилл (Балалар техникалық мектебі)
3 орын – Дмитриева Александра (№3 гимназия)
3 орын – Игберлинова Даяна (Ұзынсу орта мектебі)
«Үздік рационализаторлық ұсыныс» жобасы
1 орын – Сериков Рамазан (Қ. Сәтбаев атындағы дарынды балаларға арналған гимназия)
2 орын – Балашова Екатерина (№3 гимназия)
3 орын – Муратова Аделия (Баянауыл ауданының Балалар шығармашылық үйі)
3 орын – Гусарова Милана (Павлов орта мектебі)
Байқау нәтижелері Павлодар облысының оқушыларының техникалық ойлау деңгейі мен инженерлік қабілеттерінің жоғары екенін тағы да дәлелдеді. Ұйымдастырушылар барлық қатысушылар мен жетекші педагогтерге алғыс білдіріп, республикалық кезеңде сәттілік пен жаңа жеңістер тілейді!

 

ЖҮКТЕУ

 

Түсініктемелер қосу