Біз әлеуметтік желідемізБейнежаңалықтарОқушылар сарайыОблако теговЖиі оқылатын ақпаратБіздің қатысулар17959350
Бүгін Ертең Осы жұмада Өткен жұмада Осы айда Өткен айда Барлық күндер 1031 13708 63626 17679126 70788 340041 17959350 Сіздің IP: 216.73.216.51
Уақыт: 2025-06-07 01:11:59
|
Павлодарлық жас астроном IAYC халықаралық лагеріне қатысады
Павлодар қаласының астрономияға құмар жоғары сынып оқушысы Мирали биыл жазда әлемнің ең беделді жас зерттеушілеріне арналған жобаларының бірі — International Astronomical Youth Camp (IAYC) халықаралық астрономиялық жастар лагеріне қатыспақ. Ол байқау негізінде іріктеуден сәтті өтіп, әлемнің 30-дан астам елінен жиналған жетпістей жаспен бірге бірегей ғылыми ортаға қосылады.
Миралидің ғарышқа деген қызығушылығы бұл оқиғадан әлдеқайда бұрын басталған. Ол — Павлодар қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің (химия-биология бағытындағы) 11-сынып оқушысы. Мектеп қабырғасында астрономиямен белсенді айналысып қана қоймай, өзі ұйымдастырған астрономия үйірмесінде қатарластарына білімін бөлісіп жүр. Сонымен қатар Мирали — М.М. Катаев атындағы Оқушылар сарайы жанындағы «Антарес» астроклубының тәрбиеленушісі. Ол Павлодар облысының астрономиядан құрама командасының мүшесі және Республикалық Астротурнирде өңір намысын қорғаған.
|