Антикоррупционная службаКолл центр 1424
Дворец школьниковОблако теговСамые читаемыеНаши посещения24690933
Сегодня Вчера На этой неделе На прошлой неделе В этом месяце За прошлый месяц За все дни 19577 21605 19577 24448750 99046 375807 24690933 Ваш IP: 216.73.216.157
Время: 2026-11-09 17:49:15
|
Жұлдызды мамандықпен танысу
2020 жылдың 3 ақпанында «Антарес» клубының жетекшісі Гүлнар Баубекова Мәскеу авиациялық институтының ғылым және технологиялар кафедрасының студенті Ербол Айдарханмен кездесу ұйымдастырды. Ербол - Ақсу қаласындағы №1 мектептің түлегі, қазіргі таңда Байқоңырда Мәскеу авиациялық институтының «Восход» филиалында «Ұшақты сынақтан өткізу» мамандығы бойынша төртінші курсында оқиды. Ербол балаларға инженерлік мамандықтың ерекшеліктері, Байқоңыр ғарыш айлағындағы тәжірибе және авиация саласындағы соңғы жаңалықтар туралы айтып берді. Бала кезінен авиациялық модельдеуді ұнататын, сондықтан ол саналы түрде Авиация институтына түскенің баяндады. - Бала кезіндегі хоббиі болашақ мамандықты таңдауға шынымен көмектеседі. Болашақ емтихандарға жақсылап дайындалу керек», - деп Ербол Оқушылар сарайының тәрбиеленушілеріне ақ тілегін білдірді. - Болашақ мамандыққа кәсіби бағдар беру - біздің клуб жұмысының басты бағыты. Біз авиациялық және ғарыш саласының өкілдерімен жиі кездесеміз. Балалар Мәскеу авиациялық институтының мамандықтары туралы білуге қызығушылық танытты. Балалар қазақ ғарышкері Тоқтар Әубәкіров институтты бітірушілердің бірі екенін білді», - деді Гүлнар Баубекова. |














