Мы в соцсетях 

 facebook ok vk youtube

Антикоррупционная служба 

Колл центр 1424

Дворец школьников 

Облако тегов 

Наши посещения 

15088508
Сегодня
Вчера
На этой неделе
На прошлой неделе
В этом месяце
За прошлый месяц
За все дни
1960
8541
50557
14727551
109997
453407
15088508

Ваш IP: 18.217.209.61
Время: 2024-11-09 07:03:32

Оқушылар сарайында «Сөз сұлтаны - Сұлтанмахмұт» атты әдеби кеш өтті

Вечер поэзии, посвященный 125-летию  Султанмахмута Торайгырова Вечер поэзии, посвященный 125-летию Султанмахмута Торайгырова
Вечер поэзии, посвященный 125-летию  Султанмахмута Торайгырова Вечер поэзии, посвященный 125-летию Султанмахмута Торайгырова

2018 жылдың 23 қазан күні Оқушылар сарайында қазақ поэзиясының биігіне өрмелеп шыққан ақын Сұлтанмахмұт Торайғыровтың 125 жылдығына арналған әдеби кеш өтті. «Сөз сұлтаны - Сұлтанмахмұт» атты әдеби кешті ұйымдастырған Оқушылар сарайының «Қаламгер» баспасөз орталығының жас тілшілері мен олардың жетекшілері, Оқушылар сарайының әдіскері  Әсем Аипова.

Вечер поэзии, посвященный 125-летию  Султанмахмута Торайгырова Вечер поэзии, посвященный 125-летию Султанмахмута Торайгырова
Вечер поэзии, посвященный 125-летию  Султанмахмута Торайгырова Вечер поэзии, посвященный 125-летию Султанмахмута Торайгырова

Кездесуге Облыстық Халық радиосында радиожүргізуші, тілші, «Найзатас» қоғамдық саяси, әдеби-көркем журналының жауапты хатшысы - Айбек Оралхан келген еді. Сонымен қатар «Қаламгер» студиясының жас тілшілері және олардың ата-аналары, ұстаздар қатысқан болатын.

Әдеби кеш ақынның өмірбаяны туралы бейнебаянынын бастау алып,оқушылардың мәнерлеп оқуларымен жалғасын тапты.

Кездесудің қонағы Айбек Оралхан өскелең ұрпаққа Сұлтанмахмұт туралы қызықты мәлімет беріп, романдары мен өлеңдерінің тәрбиелік мәнін түсіндіріп өтті. Айбек аға оқушыларға көп кітап оқып, күнделік жүргізіңдер деп кеңес берді. Бұл кеште «Қаламгер» орталығының жас тілшілер мен Павлодар қаласының Абай атындағы №10 дарынды балаларға арналған мектебінің оқушылары ақынның «Қарағай да қайғырып», «Түсімде», «Бір адамға», «Мен қазақ» атты өлеңдерін шебер оқып берді.

«Қаламгер» студиясының жас тілшісі Аңсар Айдарбеков кешке дайындалу барысында қаламыздағы Сұлтанмахмұт Торайғыров атындағы облыстық кітапхана өкілдерінен сұхбат алған болатын. Сол кеште оқушылар Аңсардың сұхбатын тамашалады.

Еске салсақ, биыл 2018 жылдың 28 қазан күні Сұлтанмахмұт Торайғыров 125 жасқа толады. Сұлтанмахмұт – қазақ әдебиетіндегі Абайдан кейінгі ірі тұлға. Ол өте қысқа ғұмыр кешті, 27 жыл ғана жасады. Шығармашылық жұмыспен небәрі он жылдай айналысты. Алайда ол: «Жасамаймын еңбектің жемісін көзбен көрем деп, жасаймын бір қолғабыс, кейінгіге берем деп…» нендей мақсат көздегенін ашып айтып, кейінгі ұрпаққа құнды әдеби мұра қалдырды. Оның шығармалары – мол тақырыпты, терең мағыналы, алуан жанрлары көркем суретті қазына.

- Бүгінгі поэзия кешінде оқушылар, қазақтың көрнекті ақыны Сұлтанмахмұт Торайғыровтың өмірі және шығармашылығымен танысып, көрнекті мұрасы - халқымыздың рухани саласындағы аса елеулі қазынасы екеніне көз жеткізіп, ақынның өлеңдерін мәнерлеп оқыды, - деп, өз ойымен бөлісті Асем Аипова.

Добавить комментарий