Мы в соцсетяхАнтикоррупционная службаДворец школьниковОблако теговСамые читаемыеНаши посещения18287442
Сегодня Вчера На этой неделе На прошлой неделе В этом месяце За прошлый месяц За все дни 5376 12947 33271 18010461 18323 380557 18287442 Ваш IP: 216.73.216.235
Время: 2025-07-02 10:45:55
|
Болашақ инженерлер үшін эксперименттік физикадан сабақтар
Оқушылар сарайының «Антарес» астроклубының жас өнертапқыштары ұйымдастырушылардың шақыруымен «Ақылды мұражайда» болып қайтты. Бір ай бойы біздің қаламызда Новосібір қаласынан «Ақылды мұражай» келген еді. Мұражай экспонаттары балалар мен ересектер арасында өте танымал. «Ақылды мұражайдың» ұйымдастырушысы Денис Лещенко, Оқушылар сарайы «Антарес» астроклубының жетекшісі Гульнар Баубекова және оның тәрбиеленушілерін тегін экскурсияға шақырған болатын. Астроклубтың балалары бұл жерде уақыттарын өте қызықты өткізді.
- Біздің балаларымыз мынадай «Ақылды мұражайды» тамашалағаны керемет болды, - деп өз ойымен бөлісті Гульнар Баубекова. – Біз үшін қызықты әрі танымдық экскурссия өткізілді, балалар бұны мәңгі естеріңде сақтайды. Бұл экспонаттар физикамен тығыз байланысты, мысалы оптика, магинт өрісі, аэродинамика және т.б. Әсіресе, Пифагордың теоремасын дәлелдейтін экспонат ерекше көзге түсті. Өзімнің және тәрбиеленушілерімнің атынан ұйымдастырушыларға алғысым шексіз!
Желтоқсан айының басында Павлодар қаласына «Ақылды мұражайдың» бастамасымен ТМД елдерінде көп кездеспейтін, арнайы жарықтарымен, бірегей жаңа фильмдер көрсететін Планетарий келіп, ерекше қызықты бағдарлама ұсынады деп жоспарлап отыр. |