Антикоррупционная службаКолл центр 1424
Дворец школьниковОблако теговСамые читаемыеНаши посещения24690942
Сегодня Вчера На этой неделе На прошлой неделе В этом месяце За прошлый месяц За все дни 19586 21605 19586 24448750 99055 375807 24690942 Ваш IP: 216.73.216.157
Время: 2026-11-09 17:49:33
|
Балалар журналист мамандығын игереді
9 қарашада Білім басқарамасының бастауымен М.М.Катаев атындағы Облыстық Оқушылар сарайында дәстүрлі «Жас қалам» облыстық жас журналисттер фестивалі өткізілді.
Аталмыш шараға «Сенің әлемің» облыстық балалар газетінің белсенді авторлары, журналистикаға қабілеттері бар радио және телебағдарламалардың, балалар-жасөспірімдер газет редакциясының өкілдері қатысты. Бұл күн жас тілшілердің танысуымен басталды. Әрбір делегация өз редакциясы туралы шығармашылық таныстыру ұсынды. Медиа кездесу мемлекеттік және орыс тілінде өтті. Павлодар облысының барлық аудандары қамтылды.
Фестиваль бағдарламасы барысында облыстық Халық радиосына, «Казахстан–Павлодар», «Баспа үйі» типографиясында, облыстық «Сарыарқа самалы» газетінің редакциясында, Жастар бастамаларын қолдау орталығында экскурссиялар ұйымдастырылды. «Pavlodarnews» ақпараттық агенттігінің тілшілері Роза Мустафина, Акбота Сейсенбаева және «Ирбис» телеканалының операторы Серік Қонақбаев Оқушылар сарайында шеберлік сабақтар жүргізді.
Оқушылар сарайының жас тілшілері «СМИ уходят в Интернет» атты ток-шоу жүргізді. Телешоуда Павлодар облысының атақты журналистері Юрий Поминов, Фёдор Ковалёв, Елена Вайберт болды. Фестиваль барысында «Школа-пресс-2017» ең үздік мектеп газеттерінің шығармашылық конкурсы өтті. Оқушылар сарайының бірінші қабатында мектеп баспаларының көрмесі өтті. «Ең үздік редакция» номинациясы бойынша бірінші орынды «Балауса» газетімен Ақсу қаласы дарынды балаларға арналған мектеп – гимназиясы жеңіп алды. «Ең үздік ауыл газеті» номинациясы бойынша екінші орын Қашыр ауданы Байқоныс мектебіне бұйырды. Қала мектептері арасында Екібастұз қаласы №6 мектеп-лицейінің «Голос лицеиста» газеті бірінші орынға жайғасты. Сонымен қатар басқа да номинациялар бойынша барлық қатысушылар марапатталды. Фестивальде 90-ға жуық жас тілші және олардың 40-тан астам ұстаздары болды. |














