Мы в соцсетяхАнтикоррупционная службаДворец школьниковОблако теговСамые читаемыеНаши посещения17659216
Сегодня Вчера На этой неделе На прошлой неделе В этом месяце За прошлый месяц За все дни 993 14147 70866 17356200 110695 468472 17659216 Ваш IP: 18.216.93.197
Время: 2025-05-10 01:19:35
|
X Республикалық «Қазақстан-жаңа әлемде» суреттер конкурсы
2015 жылдың мамыр айында «Дарын» Республикалық ғылыми-практикалық орталығы бейнелеу өнерінде қабілеттері бар балаларды анықтау және олардың көркемөнер және шығармашылық қабілеттерін арықарай дамыту мақсатында X Республикалық «Қазақстан-жаңа әлемде» атты суреттер конкурсын өткізді. Бұл конкурс Қазақ хандығының құрылуына 550-жыл толуына байланысты және Ұлы Отан соғысының 70-жылдығына, Қазақстан Ұлттар Ассоциясының құрылуына 20-жыл толуына орай ұйымдастырылды. Конкурстың басты бағыттары кескіндеме, графика, мүсін және сәндік-қолданбалы өнер болып табылады. Жұмыс тақырыптары ««Қазақстан – біздің ортақ үйіміз», «Біздің әлемде бейбітшілік пен келісім үшін», «XXI ғасырда достық пен келісім үшін», «Әрбір жүректе – туған ел», ««Қазақстан - 2050» стратегиясы», «Жеңіс күні», «Елімнің тағдыры, отбасымның тағдыры», «Соғыс балалар көзімен», «Отан үшін!», «Қазақ хандары тарихта», «Менің елімнің тарихы», «Керей және Жанібек» болды. М.Катаев атындағы облыстық Оқушылар сарайынан 18 жұмыс жіберілді, олардың ішінен 5 сәндік-қолданбалы (коллаж техникасында, тері және аппликациясы бойынша) және 13 жұмыс бейнелеу өнері бойынша болды. Конкурс қортындысы бойынша «Кескіндеме» номинациясында I-ші дәрежелі дипломмен «Палитра» бейнелеу студиясының тәрбиеленушісі Қаратай Диас марапатталды, жетекшісі Дмитриева Васелина Александровна. III–ші дәрежелі дипломмен «Живопись» номинациясы бойынша «Сымбат» бейнелеу студиясының тәрбиеленушісі Красникова Александра марапатталды, жетекшсі Каркавина Елена Александровна. II–ші дәрежелі дипломмен «Сәндік-қолданбалы өнер» номинациясы бойынша «Декор» студиясының оқушысы Путинцева Алина марапатталды, жетекшсі Мирзоян Елена Леонидовна. II–ші дәрежелі дипломмен «Сәндік-қолданбалы өнер» номинациясы бойынша «Сырмақ» ұлттық қолданбалы өнер үйірмесінің оқушылары Кульмагамбетова Жанар және «Сәндік-қолданбалы өнер» номинациясы бойынша III-ші дәрежелі дипломмен Қайдар Саяжан марапатталды, жетекшісі Жагслах Дәуірбек Жақсылыққызы. Оқушылар Сарайының тәрбиеленушілері 1 бірінші орын, 2 екінші орын және 2 үшінші орындарға қол жеткізді. Ұстаздар қауымымен оқушыларды құттықтай отыра, болашақта шығармашылық табыс тілейміз! |