Мы в соцсетяхАнтикоррупционная службаДворец школьниковОблако теговСамые читаемыеНаши посещения15984786
Сегодня Вчера На этой неделе На прошлой неделе В этом месяце За прошлый месяц За все дни 10856 5464 32319 15648833 126131 513018 15984786 Ваш IP: 3.142.255.103
Время: 2025-01-08 21:36:59
|
«Сәндік толқын - 2015»
М.Катаев атындағы облыстық Оқушылар сарайында эстетика бөлімінің ынтасымен «Сәндік толқын - 2015» атты жас сәнгерлердің облыстық конкурсы өтті. Бұл сұлулық пен сән мерекесінің басты мақсаты шығармашылық қарым-қатынас үшін жағдай жасау, іс-тәжірибе алмасу, жастардың көркемдік-эстетикалық талғамдарын дамыту, сонымен қатар әлеуметтік бейімделуге жәрдем беру, дарынды балаларға кәсіби бейімдеу және шығармашылық жұмыспен айналысатын талантты педагогтарды анықтау, оларды қолдау және марапаттау, педагогикалық тәжірибені тарату. Бұл жолы конкурстың қатысушылары облыстың жалпы орта білім беру мектептерінен, гимназия және қосымша білім беру ұйымдарынан 7-11 сынып арасынан 30 оқушысы қатысты. Павлодар қаласы, Ертіс және Ақтоғай аудандары сайыстың белсенділері болып танылды. Конкурс дәстүрлі түрде екі кезеңнен өтті: бейнетұсаукесер және сайыстың қорытындысы кезеңінде сахнада сәнгерлерді көрсету. Бұл ерекше конкурстың қазылар алқасы Алинова Гүлнар Советқызы – Павлодар мемлекеттік педагогикалық институтының теория және кәсіби оқыту әдістемесі кафедрасының аға оқытушысы; Мирзоян Елена Леонидовна - Оқушылар сарайы «Декор» студиясының жетекшісі; Байтанаева Майра Амангазиевна - Павлодар мемлекеттік педагогикалық институтының теория және кәсіби оқыту әдістемесі кафедрасының аға оқытушысы болды. Жас сәнгерлердің қауымға көрсетер үлгілері көп болды: 30 шақты әртүрлі киім үлгілерін Сарайымыздың сахнасында көрсетіп шықты. Қорытындысында 1-ші орынды Ақтоғай ауылының балалардың бос уақытын қамту және шығармашылық орталығы, жетекшісі Гирич Римма Карловна, сонымен қатар «Креатив» дизайн-студиясы, жетекшісі Сыздыкова Лаура Арыстанбекқызы, және «Силуэт» тігін үйірмесі, жетекшісі Григораш Наталья Георгиевна – осы екі үйірме де облыстық Оқушылар сарайында орналасқан.. 2-ші орында Ертіс №1 ЖОББМ иеленді, жетекшісі Вайц Ольга Адамовна. Ал 3-ші орында Ертіс ауданы Абай ЖОББМ, жетекшісі Какимова Марал Толешевна. |