Біз әлеуметтік желідемізБейнежаңалықтарОқушылар сарайыОблако теговЖиі оқылатын ақпаратБіздің қатысулар20606954
Бүгін Ертең Осы жұмада Өткен жұмада Осы айда Өткен айда Барлық күндер 7483 20689 89305 20271055 374632 381361 20606954 Сіздің IP: 216.73.216.209
Уақыт: 2025-12-27 12:43:16
|
Балалық шақтың мерекесі
М.М.Катаев атындағы Оқушылар сарайы балаларды қорғау күніңде балалар мен жастар оркестрлерінің дәстүрлі шеруіне қатысты. Сарайымыздың шығармашылық ұжымдары, студиялары мен клубтарынан 250 тәрбиеленушілері Ертіс жағалауында алдыңғы қатарда сапқа тұрып шеруден өтті. «Алға, Қазақстан!» атты танымал әннің сүйемелдеуімен әдемі киімдерін киген оқушылар жаңадан би қойылымдарынан құралған шеруді паш етті.
Сонымен қатар бұл күні Оқушылар сарайының алаңында көңілді мереке ұйымдастырылды. Ауа райының қолайсыздығына қарамастан мерекеге жиналаған қонақтар сайыстарға қатысып, сурет салып, ән айтты, би биледі. Балалар халқымыздың «Асық ату», «Хан талапай», «Арқан тарту» ұлттық ойындарын ойнады. Мерекенің соныңда би флешмобы болды. |














