Біз әлеуметтік желідемізБейнежаңалықтарОқушылар сарайыОблако теговЖиі оқылатын ақпаратБіздің қатысулар18618811
Бүгін Ертең Осы жұмада Өткен жұмада Осы айда Өткен айда Барлық күндер 11234 16588 72131 18324797 42379 307313 18618811 Сіздің IP: 216.73.216.237
Уақыт: 2025-08-03 20:11:26
|
Күз келбеті тамаша
Оқушылар сарайында «Күзгі ертегі» атты дәстүрлі бейнелеу көрмесі өтті. Аталмыш көрмеде «Сымбат» және «Палитра» студияларының 70-ке жуық жұмыстары ұсынылды. - Жас суретшілер әр түрлі техниаларда жұмыстар дайындады, - дейді «Палитра» бейнелеу студиясның жетекшісі Васелина Дмитриева, - Балалар табиғи гүлшоқтарына суреттеп, фетр мен фоамираннан «Күз молшылығы» атты пуантилизм техникасында натюрморттар жасады. Балалар күзгі табиғатты бақылап, әр түрлі түстерді алмастырып, эскиздер жасап көрмеге қызу дайындалды. 5-6 жас аралығындағы топтың оқушылары өз жұмыстарымен таң қалдырды, – дейді «Сымбат» бейнелеу студиясының жетекшісі Елена Каркавина. – Балалар аппликация техникасында пластмасса қасықтар мен ермексаздарды қолдана отырып «Соленье-варенье» атты бұйымдарды жасады. Өз қолдарымен жасаған жұмыстарын «Күзгі таудағы жануарлар» деп атады. Көрме жұмыстарында қанық түстер көп байқалды. |