Біз әлеуметтік желідемізБейнежаңалықтарОқушылар сарайыОблако теговЖиі оқылатын ақпаратБіздің қатысулар23852621
Бүгін Ертең Осы жұмада Өткен жұмада Осы айда Өткен айда Барлық күндер 9371 16579 79779 23518970 164164 579883 23852621 Сіздің IP: 216.73.216.180
Уақыт: 2026-09-12 07:22:25
|
Барлық бала бірдей емес
М.Катаев атындағы Оқушылар сарайында балалар қоғамдық қабылдауында «Барлық бала бірдей емес» тақырыбы бойынша отырыс өтті. «Самал» мүгедектер оңалту орталығы қоғамдық ұйымының әдіскері Москаленко Нина Петровна «Формы и методы работы с детьми. Ущемление прав детей» атты тақырыбында баяндамасымен сөз сөйледі. Ол орталық тәрбиеленушілеріне арналған әр түрлі іс шаралар туралы, сабақтар жайлы айтып, мектеп оқушыларын «Самал» орталығындағы біріккен акцияларға қатысу үшін шақырды. №1 емхана балалар кеңесінің психологы Айтпаева Қуралай Серікқызы балалардың психологиялық және жас ерекшеліктері және балаларға зорлық зомбылықты қолға алуды айтып берді. Қортыңды кезеңінде М.Катаев атындағы Оқушылар сарайының психологы Коржова Марина Алексеевна «Барлық бала бірдей емес» атты тренингін жүргізді. Іс шараны №№ 5,16, 34 қала мектептері және Кенжекөл ЖОМ қатысты. |














