Антикоррупционная службаКолл центр 1424
Дворец школьниковОблако теговСамые читаемыеНаши посещения24591751
Сегодня Вчера На этой неделе На прошлой неделе В этом месяце За прошлый месяц За все дни 16649 20795 65065 24318214 375671 527623 24591751 Ваш IP: 216.73.216.170
Время: 2026-10-31 23:47:36
|
Бейбітшілік үшін серіктестік
2015 жылдың 21 қыркүйегінде Халықаралық бейбітшілік күніне арналған «Бейбітшілік үшін серіктестік – баршаға абырой» - деген ұранмен әлемдік қоғам өз іс-шарасын өткізді. Мерекенің негізін салушы – БҰҰ Бас Ассамблеясы, бұл мерекені салтанатты түрде «Бейбітшілік мұнарасы» маңында бастаса, ал Халықаралық бейбітшілік әлемі Павлодар аймағының бітімгерлері мен еріктілерді М.Катаев атындағы облыстық Оқушылар сарайында жинады. 21 қыркүйек күні павлодарлық Оқушылар сарайында облысымыздың бітімгершілік қозғалысын қолдау мақсатында аймағымыздан 400-ге жуық колледждер, мектеп ұстаздары мен оқушылары жиналды. Іс-шараның ұйымдастырушылары мен бастамашылары Білім басқармасы, Павлодар облысының Халықаралық бейбітшілік қоры және Бейбітшілік балалар орталығы болды. Біздің еліміздің бейбітшілігі туралы «Казбат» бітімгерлік батальонының офицері Бауыржан Жоламанов, тыл ардагері Петр Николаевич Васин, қалалық Афганистан Одағының ардагері төрағасының орынбасары Александр Коновалов және әскери әуе-десанттық ардагерлер Одағының төрағасы Евгений Касенов сөз қозғады. Жас бейбітшілік елшілері әскери кездесу қатысушыларының үндеуін тыңдады. «Халықаралық бейбітшілік қор» қоғамдық ұйымы облысымыздың барлық тұрғындарын біздің елде және шет елдерде болып жатқан жағдайларға көңіл аударуға шақырды. Кездесудің ұйымдастырушылары жиналған қауымды Халықаралық бейбітшілік қордың жұмысына белсенді қатысуға және бітімгерлік қозғалыстың қатарына кіруге шақырды. Кездесудің қортындысында әскери қатысушылар БҰҰ-на жер-жаһанда болып жатқан барлық әскери қозғалыстарды тоқтату үшін шара қабылдауға үндеу тастады. |














