Мы в соцсетяхАнтикоррупционная службаДворец школьниковОблако теговСамые читаемыеНаши посещения17658234
Сегодня Вчера На этой неделе На прошлой неделе В этом месяце За прошлый месяц За все дни 11 14147 69884 17356200 109713 468472 17658234 Ваш IP: 18.188.163.142
Время: 2025-05-10 00:01:38
|
Педагог қызметкерлердің тамыз конференциясы
2015 жылдың 25 тамыз күні М.М.Катаев атындағы Павлодар облыстық Оқушылар сарайында «Қазақстандық мектеп ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Нұрлы жол- болашаққа бастар жол» Қазақстан халқына Жолдауының контекстінде: заманауи үлгі, даму үрдістері мен болашағы» атты тақырыпта педагог қызметкерлердің тамыз конференциясы болып өтті. Конференцияда қосымша білім беру мекемелерінен 23 директор, 21 аға тәлімгерлер, 37 оқу-тәрбие ісі директорының орынбасарлары, 18 СӨС үйлестірушілер және техникалық үйлестіругілер, 26 сурет мұғалімдері қатысты. Барлығы 8 секция жұмыс жасады. «Рухани-адамгершілік, патриоттық тәрбие қосымша білім беру және негізгі білім беру интеграциясы бойынша» атты секциясында «Жас ұлан» бірыңғай балалар-жасөспірімдер ұйымының аймақтық хатшысы, М.М.Катаев атындағы оқушылар Сарайының әдіскері Петрович Оксана Владиславовна «Азаматтық-патриоттық тәрбие маңызын күшейту мақсатында «Жас ұлан» бірыңғай балалар-жасөспірімдер ұйымының мүмкіншілігін пайдалану» атты тақырыбы бойынша сөз сөйледі. |