Біз әлеуметтік желідемізБейнежаңалықтарОқушылар сарайыОблако теговЖиі оқылатын ақпаратБіздің қатысулар17965523
Бүгін Ертең Осы жұмада Өткен жұмада Осы айда Өткен айда Барлық күндер 7204 13708 69799 17679126 76961 340041 17965523 Сіздің IP: 216.73.216.193
Уақыт: 2025-06-07 11:14:07
|
Ұланбасы байқау-конкурсы
2015 жылғы 19 мамыр күні М.Катаев атындағы облыстық оқушылар сарайында «Жас ұлан» аудандық, қалалық балалар-жасөспірімдер ұйымдары «Үздік ұлан» – көшбасшыларының облыстық конкурсы өткізілді. Конкурс «Жас ұлан» балалар-жасөспірімдер қызметін насихаттауға, көшбасшылық қасиеттері бар жасөспірімдерді анықтауға және олардың көшбасшылық шамаларын дамытуға бағытталған. Қазылар құрамына Павлодар облысы білім беру басқармасының қосымша білім және тәрбие бөлімінің бас маманы Кожахметов Николай Серікұлы, Павлодар облысы «Нұр Отан» «Жас Отан» жастар қанатының орынбасарының атқарушы хатшысы Ыбытаева Жұлдыз Қасеновна және М.Катаев атындағы Оқушылар Сарайы әдістемелік бөлімінің меңгерушісі Людмила Владимировна Мельник енді. Конкурс «Визитка-презентация», «Мен Ұлы елдің азаматымын» және «Еркін микрофон» атты үш турды қамтыды. Әрбір қатысушы еркін жұмыс жасап,өз қоржынына ұпайлар жинады. Барлық сыннан сүрінбей өтіп, жеңімпаз атанған Павлодар қаласы «Жас Ұлан» ұйымының көшбасшысы Әбілман Нариман болды. ІІ орын Қашыр ауданының «Жас ұлан» балалар-жасөспірімдер ұйымының көшбасшысы Анна Адарченко, ІІІ орынды Лебяжі ауданының «Жас ұлан» балалар-жасөспірімдер ұйымының көшбасшысы Диас Еліков иеленді. Салтанатты марапаттау рәсімінде Павлодар облысы білім беру мекемелерінің педагогтары қатысқан «Шығармашылық тандем» атты облыстық байқау конкурсы мега-жобасының марапаттауы болды. «Твой мир» облыстық газетінің редакторы және «Қаламгер» айдарының редакторы Аипова Әсем Серікқызы газеттің ең үздік авторларына дипломдарды табыс етті. |