Мы в соцсетях 

 facebook ok vk youtube

ekran diktor rus

KPLeto2 rus

amanat rus

gossimv 23 2

polojeniya 23 rus 2

mindal rus

raspisanie 26 27 rus 1

proekt 23 rus

BIRTUTAS TARBIE

bala time kaz

map

antikor

Антикоррупционная служба 

Колл центр 1424

 

 

Дворец школьников 

Облако тегов 

Наши посещения 

24635243
Сегодня
Вчера
На этой неделе
На прошлой неделе
В этом месяце
За прошлый месяц
За все дни
3683
5544
30251
24370444
43356
375807
24635243

Ваш IP: 216.73.216.179
Время: 2026-11-06 11:19:51

Патриоттарды қалай тәрбиелеуге болады

Патриоттарды қалай тәрбиелеуге болады Патриоттарды қалай тәрбиелеуге болады

Білім беру құндылығын іске асыру үшін қазіргі таңдағы білім беру мекемелері маңызды міндетін шешуге бағытталған азаматтық-патриоттық тәрбиесі негіз болып табылады. Қойылған мақсатта қазіргі таңдағы деңгейде тек қана сенім және наным қалыптасу да ғана емес, сонымен қатар нақты жұмыста теориялық ұсыныстар жақсарту болып табылады.

Осыған байланысты соңғы уақытта үздіксіз тәрбие ұйымдастыру процесінің жаңа әдістер мен формаларын іздестіру жандандырылды. 19 ақпан күні М.М. Катаев атындағы Оқушылар сарайында «Патриоттық тәрбие жүйесінің қалыптасуы: қызметтің мазмұны мен түрлері» атты облыстық семинар өткізілді. Семинарға жүзге таяу аға тәлімгерлер, бейбітшілік қорының уәкілдері, әскери данқ мұражай жетекшісі, патриоттық бағыттағы үйірме мен клуб жетекшілері қатысты.

Патриоттарды қалай тәрбиелеуге болады Патриоттарды қалай тәрбиелеуге болады

«Қазіргі таңдағы білім беру мекемелерінің азаматтық-патриоттық тәрбиедегі маңызды сұрақтары» атты шығармашылық тәжірибесі семинар тыңдаушыларына ұсынылды. Патриоттық тәрбие жағынан үш шығармашылық топ өз жұмыстарын көрсетті. Атап айтсақ, «Өткелең күннің беттері» - мұражай сабағында ақпараттық-компьютерлік технологияларын қолдану туралы (Оқушылар сарайының әдіскері Сыздыкова Асем Қабдоллақызы); «Жас Ұлан» жалау топтарын құру бойынша тәжірибе (Оқушылар сарайының педагог-ұйымдастырушысы Сейталиев Бауыржан Бейсембайұлы, мамандандырылған әскери мектеп-интернатының өкілі Аюпов Амангелді Серікұлы); «Бізді қоршаған әлем» - Балалар бейбітшілік орталығының жұмысы арқылы жас ұрпақтың азаматтық және патриоттық тәрбиесі (Балалар бейбітшілік орталығының жетекшісі, Оқушылар сарайының педагог-ұйымдастырушысы Сүлейменова Самал Сағатқызы).

Патриоттарды қалай тәрбиелеуге болады Патриоттарды қалай тәрбиелеуге болады

Семинар аясында «Честь имею!» және «Жас Ұлан» жалауы астында» облыстық жобалар тұсаукесері өткізілді.

М.М. Катаев атындағы Оқушылар сарайының әдіскері Петрович Оксана Владиславовна «Патриоттық тәрбие жүйесінің қалыптасуы: қызметтің мазмұны мен түрлері» атты баяндамасын оқыды. Семинар қатысушыларымен бірге балалар бұқаралық қозғалысының дамыту бөлімі бойынша сарай бөлімдерінің оқытушылары мен тәжірибені ұйымдастырушылар білім беру мекемелерінде азаматтық-патриоттық жұмысының негізгі шартын анықтады. Семинар соңында 93 тыңдаушыға сертификаттар табысталды.

Добавить комментарий