Біз әлеуметтік желідемізБейнежаңалықтарОқушылар сарайыОблако теговЖиі оқылатын ақпаратБіздің қатысулар17965716
Бүгін Ертең Осы жұмада Өткен жұмада Осы айда Өткен айда Барлық күндер 7397 13708 69992 17679126 77154 340041 17965716 Сіздің IP: 216.73.216.193
Уақыт: 2025-06-07 11:24:02
|
«Шуақты жазбен» бірге
Оқушылар сарайында 1 маусым күні, Балалардың құқығын қорғау мерекесіне орай, «Шуақты жаз» орталығы өз есігін айқара ашты. 2 маусымнан бастап қала мектептерінен келген балалар Оқушылар сарайының мұғалімдері ұйымдастырған алаңдардың қонағы болды. Балалар 4 станция бойынша тарап отырды. «Алтын қоржын» - ұлттық ойындар, ұлттық қолөнер мен аспаптардың станциясы, «Ақ бұлақ» - экологиялық бағыттағы станция, «Өрлеу» - техникалық бағыт және «Артәлем» - вокал, би, театрды біріктірген станция. Сонымен қатар орталықтың жұмысы «Шуақты жаз» қабырға газеті мен «Луч» шығармашылық бірлестігі дайындаған телевизиялық жаңалықтар арқылы көрсетіліп отырды. Ал «Радуга детства» станциясы мүмкіндігі шектеулі балалармен жұмыс жасады. Бізге келген балалардың ешқайсысы назардан тыс қалмады. Біреуі сурет салса, екіншісі оригамимен жұмыс жасады, үшіншілері викторинаға қатысты, төртіншілері таза ауада эстафеталар ойнады, басқалары би биледі. Және үлкен залдағы әдемі концертті тамашалады. «Шуақты жаз» орталығы шілде айының ортасына дейін жұмысын жалғастырып, қаламыздағы оқушылардың бос уақытын қамтуға септігін тигізді. |