Антикоррупционная службаКолл центр 1424
Дворец школьниковОблако теговСамые читаемыеНаши посещения24722170
Сегодня Вчера На этой неделе На прошлой неделе В этом месяце За прошлый месяц За все дни 22544 28270 50814 24448750 130283 375807 24722170 Ваш IP: 216.73.216.137
Время: 2026-11-10 18:10:26
|
«Үздік Ұлан 2014»
М.М.Катаев атындағы Оқушылар сарайының үлкен залында 19 мамырда Павлодар облысының білім беру басқармасымен бірлескен қалалық, аудандық «Жас Ұлан» балалар-жасөспірімдер ұйымдары көшбасшыларының «Үздік Ұлан» облыстық конкурсы өткізілді. «Жас Ұлан» конкурсы балалар-жасөспірімдер ұйымдарының жұмысын насихаттауға және көшбасшылық қабілеті бар жасөспірімдерді анықтауға бағытталды. Конкурсқа Ақсу, Павлодар, Екібастұз қалалары, Шарбақты, Май, Қашыр, Лебяжье, Ертіс, Успенка, Павлодар мен Железинка аудандарының 11 Ұланбасылары қатысты. Барлық қатысушылар аудандық іріктеу кезеңінен өтті.Олар өз ұйымының жұмысы жайлы бейне-ролик түсіріп, тұсаукесер жасады,портфолио әзірледі. Конкурс 3 сайыстан тұрды: «Визитка – тұсаукесер» сайысы бойынша үй тапсырмасын орындау, балалар-жасөспірімдер ұйымындағы өзінің қоғамдық жұмысын, әлеуметтік жобаларға қатысуы мен жұмыс нәтижесін көрсетуі қажет; «Мен ұлы елдің азаматымын» сайысы біздің Республиканың Тәуелсіздігіне арналды; «Еркін микрофон» сайысы конкурс қатысушыларына өздерінің құрдастары-жасұланшыларға тілектері мен ойларын жеткізуге мүмкіндік берді. «Үздік Ұлан» облыстық конкурстың жеңімпазы - Беймурзинов Дәулет. Ол Екібастұзға «Жас Ұлан» БЖҰ ауыспалы кубогын алып кетті. 1 орынға Шарбақты ауданынан Құрманғазинова Наргиза ие болды, 2 орынды Лебяжье ауданының көшбасшысы Тілеген Көгершін мен Ақсу қаласының көшбасшысы Каиржанова Адия бөлісті, 3 орынды Успенка ауданынан Иманқұлова Айнагүл мен Железинка ауданынан Пупкова Александра иеленді. |














