Мы в соцсетяхАнтикоррупционная службаДворец школьниковОблако теговСамые читаемыеНаши посещения21556181
Сегодня Вчера На этой неделе На прошлой неделе В этом месяце За прошлый месяц За все дни 6237 12444 40962 21255117 51353 430355 21556181 Ваш IP: 216.73.216.101
Время: 2026-03-05 14:31:32
|
«Күй тартыс – 2014» облыстық сайысы
2014 жылдың 16 сәуірі күні «Күй тартыс-2014» облыстық сайысының қорытынды кезеңі өткізілді. Ұйымдастырушысы – Оқушылар сарайының, көркем тәрбие беру бөлімі. Бұл сынға облысымыздың түкпір-түкпірінен 14 үміткер қатысты. Сайыскерлердің өнерін Дарынды балаларға арналған музыкалық мектеп-интернаттың аға-оқытушысы Кенжеқанов Батырхан Гапурұлы, Иса Байзақов атындағы Павлодар облыстық филармониясының Қазақ ұлттық аспаптар оркестрінің әртісі – Аубкаиров Асхат Қайыргелдіұлы, Құрманғазы атындағы №1 балалар музыкалық мектебінің оқытушысы – Қайшанов Нұрлан Бақытұлы, Иса Байзақов атындағы Павлодар облыстық филармониясының Қазақ ұлттық аспаптар оркестрінің әртісі, дирижер көмекшісі - Акатаев Берік Аблайұлы, «Дарынды балаларға арналған музыкалық колледж-мектеп интернат кешені» Қазақ ұлттық аспаптар бөлімінің оқытушысы – Таттымбек Рустам Таттымбекұлы бағалады.
Қатысушылар «Күй тартыс – 2014» сайысының ережесі бойынша 8 төкпе күй мен өз қалаулары бойынша 1 шертпе күйді орындауда сынға түсті. Әділ-қазылардың шешімімен, бас жүлде Баянауылдан келген Жаяу Мұса атындағы балалар өнер мектебінің оқушысы Қожанов Дидарға бұйырды. Дидар домбырада ойнау шеберлігі сабағын бірінші сыныптан бастап меңгеріп келеді екен. Бұл өнер жолына бастап әкелген әжесі болса, қабілетін дамытып, дарынын шыңдаған жетекшісі – Олжатай Мереке Жұматайұлы. І орын – Омар Назира, Құрманғазы атындағы №1 балалар музыкалық мектебінің тәрбиеленушісі; Басқа сайыскерлерге «Белсенді қатысқаны үшін» дипломдары табысталды. Жеңімпаздарды шын жүректен құттықтап, зор табыстар тілейміз! |














