Біз әлеуметтік желідемізБейнежаңалықтарОқушылар сарайыОблако теговЖиі оқылатын ақпаратБіздің қатысулар17959659
Бүгін Ертең Осы жұмада Өткен жұмада Осы айда Өткен айда Барлық күндер 1340 13708 63935 17679126 71097 340041 17959659 Сіздің IP: 216.73.216.51
Уақыт: 2025-06-07 01:35:12
|
«Қамқор жүректер» бас қосты: Павлодарда облыстық волонтерлік отрядтар слеті өтті
Бүгін 19 мамыр күні Оқушылар сарайында «Біртұтас тәрбие» республикалық бағдарламасы аясында ұйымдастырылған «Қамқор» жобасының облыстық волонтерлік отрядтар слеті өтті. Бір күнге созылған мазмұнды шараға 11–17 жас аралығындағы 100-ге жуық жас белсенді қатысты.
Слеттің мақсаты — өңір жастарын біріктіріп, волонтерлік бастамаларды қолдау арқылы олардың азаматтық жауапкершілігін арттыру және көшбасшылық қабілеттерін дамыту. Қатысушылар бес бағытта жұмыс істеді: эковолонтерлік, медиаволонтерлік, төтенше жағдай кезіндегі көмек, көшбасшылық және тимбилдинг. Топ жетекшілері үшін скауттық бағыт бойынша арнайы бағдарлама ұсынылды.
|