Біз әлеуметтік желідемізБейнежаңалықтарОқушылар сарайыОблако теговЖиі оқылатын ақпаратБіздің қатысулар17973789
Бүгін Ертең Осы жұмада Өткен жұмада Осы айда Өткен айда Барлық күндер 15470 13708 78065 17679126 85227 340041 17973789 Сіздің IP: 216.73.216.193
Уақыт: 2025-06-07 20:11:53
|
«Қамқор жүректер» бас қосты: Павлодарда облыстық волонтерлік отрядтар слеті өтті
Бүгін 19 мамыр күні Оқушылар сарайында «Біртұтас тәрбие» республикалық бағдарламасы аясында ұйымдастырылған «Қамқор» жобасының облыстық волонтерлік отрядтар слеті өтті. Бір күнге созылған мазмұнды шараға 11–17 жас аралығындағы 100-ге жуық жас белсенді қатысты.
Слеттің мақсаты — өңір жастарын біріктіріп, волонтерлік бастамаларды қолдау арқылы олардың азаматтық жауапкершілігін арттыру және көшбасшылық қабілеттерін дамыту. Қатысушылар бес бағытта жұмыс істеді: эковолонтерлік, медиаволонтерлік, төтенше жағдай кезіндегі көмек, көшбасшылық және тимбилдинг. Топ жетекшілері үшін скауттық бағыт бойынша арнайы бағдарлама ұсынылды.
|