Біз әлеуметтік желідемізБейнежаңалықтарОқушылар сарайыОблако теговЖиі оқылатын ақпаратБіздің қатысулар23615432
Бүгін Ертең Осы жұмада Өткен жұмада Осы айда Өткен айда Барлық күндер 5925 15430 36531 23254078 506858 322822 23615432 Сіздің IP: 216.73.216.156
Уақыт: 2026-08-26 09:41:11
|
"Біртұтас тәрбие" бағдарламасын іске асыру бойынша облыстық семинар
14 қаңтар күні М.М. Катаев атындағы оқушылар сарайында 0-ден 3 жылға дейінгі жұмыс өтілі бар жас тәрбие ісі жөніндегі директор орынбасарлары үшін облыстық семинар өтті. Шараның негізгі мақсаты – «Біртұтас тәрбие» бағдарламасын жүзеге асыру арқылы тәрбиелік жұмысты жетілдіру және жас мамандардың кәсіби құзыреттілігін арттыру болды.
Семинар барысында педагогтер тәрбиелеудің заманауи тәсілдерін талқылап, өзара тәжірибе алмасты. Тәрбиелік процестегі кешенді көзқарас, ұлттық құндылықтарды насихаттау және мектеп, отбасы мен бала арасындағы өзара әрекеттестікті дамыту тақырыптары басты назарда болды. Іс-шарада кітапхана жобалары арқылы оқу мәдениетін қалыптастыру, шағын білім беру мекемелерінде тәрбие жұмысын ұйымдастыру және ата-аналармен тығыз ынтымақтастық орнату сияқты маңызды мәселелер қамтылды.
|
















