Мы в соцсетяхАнтикоррупционная службаДворец школьниковОблако теговСамые читаемыеНаши посещения17675659
Сегодня Вчера На этой неделе На прошлой неделе В этом месяце За прошлый месяц За все дни 1752 15684 87309 17356200 127138 468472 17675659 Ваш IP: 3.14.248.121
Время: 2025-05-11 03:33:50
|
М.М.Катаев атындағы Оқушылар сарайында Тәуелсіздік күніне арналған «Тәуелсіз елдің баласы» атты іс-шараның акмесі.
Әдіскер Алпысбай Мадина Бақытқызы М.М.Катаев атындағы Оқушылар сарайында 2013 жылы желтоқсан айының 11 күні Тәуелсіздік күніне орай «Тәуелсіз елдің баласы» атты іс-шара өткізді. Іс-шараға Павлодар қаласындағы №2, 19, 39, 22, 10 мектептерінен барлығы 67 оқушы мен ұстаздар қатысты және Оқушылар сарайының «Өркен», «Мұрагер» клубтарынан оқушылар қатысты. Іс-шара Тәуелсіз елдің әнұранымен басталды. «Тәуелсіз жолындағы Қазақстан» атты слайд берілді. Осы слайд негізінде оқушылар Қазақстан жерінің байылықтары мен тарихи оқиғалары жайлы айтты. «Өркен», «Мұрагер» клубтарының шәкірттері Қазақстан, Отан, Тәуелсіздік жайлы өлең жолдарын оқыды. Іс-шара тарихи-интелектуалдық сұрақтармен өріді. Оқушылар топқа бөлініп сұрақтарға жауап берді. «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні» атты шығарма жазу, «Сөз тіркестерін құрастыр», «Елім ән жүрегім» атты бөлімдерден тұрды. Сонымен қатар «Өркен» клубының шәкірті Мәдет Аружан «Балалық шақтың бекеті» атты әнін орындап, іс-шараға қатысқан оқуышлардың көңілін көтерді. Әдіскер Алпысбай Мадина Бақытқызы іс-шараның соңында мектеп оқушыларын алғыс хаттармен марапаттап, қорытындысын шығарды. |