Біз әлеуметтік желідемізБейнежаңалықтарОқушылар сарайыОблако теговЖиі оқылатын ақпаратБіздің қатысулар22015324
Бүгін Ертең Осы жұмада Өткен жұмада Осы айда Өткен айда Барлық күндер 3759 10438 44604 21743944 167255 343241 22015324 Сіздің IP: 216.73.216.96
Уақыт: 2026-04-17 11:04:07
|
Оқушылар сарайында "Адал ұрпақ" ерікті мектеп клубтарының бесінші облыстық Слеті өтті
Оқушылардың сыбайлас жемқорлыққа қарсылығын білдіретін байқау 13 қазан күні М.М. Катаев атындағы облыстық Оқушылар сарайының базасында өтті. Іс-шараны Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Павлодар облысы бойынша департаменті және Павлодар облысының "Жас Ұлан" бірыңғай балалар-жасөспірімдер ұйымы ұйымдастырды.
Конкурстық бағдарламаға Павлодар облысының жалпы білім беретін мектептерінен 14 команда қатысты. Слет бағдарламасына үш конкурстық кезең кірді. Командаларға "Жемқорлықты өмір – Адал өмір" тақырыбында бейнеролик дайындау, "Жемқорлыққа қарсы – болашақ ұрпақ" театрландырылған қойылымымен өнер көрсету және оқушыларды сыбайлас жемқорлыққа қарсы тәрбиелеу бойынша өткізілген іс-шаралар туралы есепті ұсыну қажет болды.
|














