Біз әлеуметтік желідемізБейнежаңалықтарОқушылар сарайыОблако теговЖиі оқылатын ақпаратБіздің қатысулар21268836
Бүгін Ертең Осы жұмада Өткен жұмада Осы айда Өткен айда Барлық күндер 8202 19402 87058 20929318 194363 408197 21268836 Сіздің IP: 216.73.216.87
Уақыт: 2026-02-14 08:56:57
|
Оқушылар сарайы қонақтарды қарсы алды
2021 жылдың 4 қарашада М.Катаев атындағы Облыстық Оқушылар сарайына Алматы облысы Білім басқармасының денешынықтыру, спорт, алғашқы әскери дайындық және қосымша білім беру ғылыми-практикалық орталығының басшысы Мөлдір Құрманалиева іс-сапармен келді. Мөлдір Ахметжанқызы Нұр-Сұлтан қаласы, Павлодар, Қарағанды облыстарына тәжірибемен алмасу мақсатында келген болатын.
Оқушылар сарайының әдіскері Әсем Аипова «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасында көрсетілген білім беру саласындағы міндеттерді жүзеге асыру жұмыстарымен таныстырып, қонақтарды жұмыстың жаңа бағыттарымен, балалар технопаркімен таныстырды. Оқушылар сарайында робототехника зертханасы, астролаборатория, 3D модельдеу зертханасы, телестудия, стартап академиясы, ІТ сыныптары жұмыс істейді. Қонақтар «Biogreen» жасыл технологиялар кабинетіне ерекше назарын аударды. |














