Мы в соцсетяхАнтикоррупционная службаДворец школьниковОблако теговСамые читаемыеНаши посещения16412797
Сегодня Вчера На этой неделе На прошлой неделе В этом месяце За прошлый месяц За все дни 6666 20398 64773 16078164 93475 460667 16412797 Ваш IP: 3.139.81.114
Время: 2025-02-07 15:04:51
|
«Менің кіші Отаным» конкурсының қортындысы
М.М.Катаев атындағы Оқушылар сарайында Баянауыл ауылының құрылғанына 195-жыл толуына орай және «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру мақсатында жыл сайын өтетін дәстүрлі «Менің кіші Отаным» облыстық конкурсы өз мәресіне жетті. Конкурстың бірінші кезеңінде облысымыз 22 мектебінен 115 оқушы бақтарын сынады. 2021 жылдың 13 мамыр күні онлайн форматта іріктеу кезеңінің облыстық сайысында 18 мектептен 90 жеңімпаз қатысты. Презентациялар мен бейнероликтерді Г.Н.Потанин ат. Павлодарлық тарих-өлкетану мұражайның бөлім меңгерушісі Опабекова Динара Карибаевна, Павлодар облысы бойынша «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру бойынша бөлімінің мамандары Қабен Қымбат Нұрланқызы және Қабыкен Данара Нұрболатқызы бағалады. Әр команда «Баянауылға арнау» өздерін таныстыру – үгіт бригадасын көрсете білді. Кейін командалар келесі бағыттар бойынша өз жобаларын қорғады: Баянауылдың атақты адамдары мен өлкенің тарихын білуге арналған «Ұлы даланың ұлы есімдері» атты зияткерлік сайысында қатысушылар өз білімдерін ортаға салды. 2021 жылдың 17 мамыр күні конкурс қортындысы шықты. Конкурсқа белсенді қатысқан оқушылар сертификаттармен марапатталады. |