Мы в соцсетяхАнтикоррупционная службаДворец школьниковОблако теговСамые читаемыеНаши посещения23615384
Сегодня Вчера На этой неделе На прошлой неделе В этом месяце За прошлый месяц За все дни 5877 15430 36483 23254078 506810 322822 23615384 Ваш IP: 216.73.216.156
Время: 2026-08-26 09:39:30
|
Онлайн кездесуде құтқарушы мамандығы туралы айтылды
Оқушылар сарайында «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында танымал адамдармен кездесулер өз жалғасын табуда. Көктемгі каникул кезінде 2021 жылдың 31 наурыз күні «100 жаңа есім» жобасының кандидаты, Павлодар қаласының жедел құтқару жасағының құтқарушысы Әділханов Дәурен Серімұлымен онлайн кездесу өтті.
ZOOM платформасында өткен кездесуге 100-ден аса адам жиналды. Бұл Павлодар облысы және қаласының оқушылары және М.М.Катаев атындағы Оқушылар сарайының тәрбиеленушілері. Балалар кездесуде мұздағы сақтық шаралары туралы сюжетті тамашалап, слайд-презентациядан жаз мезгіліндегі өзен-көлдерде шомылу ережелері туралы білді. Дәурен Серімұлы балаларды құтқарушы, сүңгуір, альпинист мамандықтарымен таныстырып, осы мамандық иелеріне қойылатын талаптарға тоқталды, Павлодардағы суасты іздеу жұмыстары, Солтүстік Қазақстан облысында су тасқыны кезінде адамдарды эвакуациялау туралы әңгімелеп берді. Ол 18 жасқа дейінгі балалар ата-анасыз көлдерге баруға болмайтынын еске салып, қауіпті жағдайларды болдырмау үшін сақтық шаралары туралы және өзен-көлдер жағасындағы ережелер туралы баяндады. Онлайн кездесуде оқушылар өз сұрақтарына толық жауаптар алып, құтқарушының кеңестерге қанық болды. - Балалар, дендерің сау болсын, өз өмірлеріңе абай болыңдар, су қоймаларынан басқа көптеген ойын орындары бар, өзен-көлдерге барған кезде барлық қауіпсіздік ережелерін сақтаңдар, - деді Дәурен Әділханов. Онлайн кездесуді әдіскер Әсем Аипова ұйымдастырды. |














