Мы в соцсетяхАнтикоррупционная службаДворец школьниковОблако теговСамые читаемыеНаши посещения19613320
Сегодня Вчера На этой неделе На прошлой неделе В этом месяце За прошлый месяц За все дни 13155 16188 61132 19264172 257355 378960 19613320 Ваш IP: 216.73.216.189
Время: 2025-10-16 21:18:58
|
«Жаңа жұлдыз – 2021» облыстық вокал өнерінің конкурсы
2021 жылы 24 ақпан күні М.М.Катаев атындағы облыстық Оқушылар сарайында «Жаңа жұлдыз – 2021» вокал өнерінің облыстық конкурсы өтті. Байқаудың басты мақсаты - жас ұрпақ бойында көркемдік талғамды, мәдени құндылықтарды қалыптастыру және тәрбиелеу, вокал өнеріне қызығушылықты арттыру және дарынды балаларды анықтау. «Жаңа жұлдыз – 2021» конкурсына 35 оқушы қатысты. Олар Павлодар қаласы, Аққулы, Ақтоғай, Баянауыл, Май аудандарынан жалпы білім беретін мектептерінің және мектептен тыс ұйымдардан әншілер, дуэттер, трио, вокал ансамбльдері қатысты. Байқаудың қазылар алқасының құрамына Оқушылар сарайының және «Жігер» орталығының вокал пәнінің тәжірибелі мұғалімдері кірді. Байқауға қатысушылардың бейнежазбаларын қараған кезде қазылар алқасы вокалдық шеберлікке, суреткерлік шеберлікке, жас ерекшеліктеріне сәйкес репертуарға, оның күрделілігі мен алуан түрлілігіне және сахналық бейнеге баға берді. «Жаңа жұлдыз – 2021» вокал өнерінің облыстық конкурсының қортындысы бойынша келесі қатысушылар жеңімпаз атанды: 10-13 жас арасындағы кіші жас ерекшелік санаты: 14 – 17 жас арасындағы кіші жоғары ерекшелік санаты:
|