Мы в соцсетяхАнтикоррупционная службаДворец школьниковОблако теговСамые читаемыеНаши посещения15986351
Сегодня Вчера На этой неделе На прошлой неделе В этом месяце За прошлый месяц За все дни 12421 5464 33884 15648833 127696 513018 15986351 Ваш IP: 18.216.253.84
Время: 2025-01-08 21:50:28
|
Жас блогерлер Ертістің Киелі жерлерін бейнелейді
«Ертістің киелі жерлеріне саяхат» облыстық жас блогерлер конкурсы өз мәресіне жетті. Аталмыш шара «Рухани жанғыру» бағдарламасы және «Қазақстанның сакралды географиясы» атты арнайы жобасын іске асыру мақсатында өткізілді. Конкурс 2021 жылдың қаңтар айының ішінде өтіп, жалпы орта білім беру мектептерінің оқушылары мен қосымща білім беру мекемелері арасынан 155 жұмыс қабылданды. Жас суретшілер мен блогерлер Мәшхүр Жүсіп Көпеевтің мешіті, Павлодар қаласындағы Благовещенск шіркеуі, «Жасыбай батыр» ескерткішін, Исабек Ишан кесенесін, Абдул Уахит Хазиреттің кесенесін, Сұлтанбек Сұлтанның үйін бейнелеген. Қылқалам шеберлерінің бірқатар жұмыстары киелі Баянауыл еліндегі «Кемпіртас» және «Ақбет тау», «Қалмақырылған» мекені, Мәшһүр Жүсіп кесенесі, Жасыбай көлі, «Қоңыр әулие» үңгірі, «Аққараға» тауы, «Сарадыр» бұлағы, Далба тауының етегі, «Найзатас» тауы, «Алтын қыр» сақ қорғанына арналды. - Балалар өздерінің авторлық суреттерін әр түрлі техникада жасады. Жас суретшілер байқаудың тақырыбын аша білді. Авторлардың жеке стилін, көркемдік шеберлігін, шығарманың өзіндік ерекшелігін атап өтуге болады, - деді байқаудың қазылар алқасының мүшесі, облыстық Оқушылар сарайының «Палитра» көркем студиясының жетекшісі Васелина Дмитриева. - Байқау балаларға өңіріміздің қасиетті жерлерін зерттеуге, шығармашылық қабілеттерін көрсетуге, туған жерінің тарихына, Павлодар Ертіс өңірінің танымал тұлғаларының өмірін зерделеуге қызығушылықтарын оятуға көмектесті. Конкурсқа қатысқан үміткерлер Оқушылар сарайының ресми сайтында орналастырылған Павлодар облысының электронды киелі жерлер картасын пайдаланды, - деді байқаудың ұйымдастырушысы, әдіскер Әсем Аипова.
|