Мы в соцсетяхАнтикоррупционная службаДворец школьниковОблако теговСамые читаемыеНаши посещения18222350
Сегодня Вчера На этой неделе На прошлой неделе В этом месяце За прошлый месяц За все дни 4489 14537 55647 17933280 333788 340041 18222350 Ваш IP: 216.73.216.64
Время: 2025-06-27 06:37:37
|
«Елдің асыл тірегі - Ата заң» облыстық конкурсының жеңімпаздары анықталды
М.М.Катаев атындығы облыстық Оқушылар сарайы Қазақстан Республикасының Ата заңның мерейтойлық жылы аясында «Елдің асыл тірегі - Ата заң» әдеби шығармашылық балалар облыстық конкурсын өткізді. Аталмыш конкурс 2020 жылдың 1-31 қазан аралығында онлайн форматта өткен болатын. Байқауға Павлодар, Ақсу, Екібастұз, Баянауыл, Шарбақты, Железин, Май, Аққулы, Тереңкөл аудандарының жалпы орта білім беру мектептерінің оқушылары қатысты. Конкурсқа 70 жұмыс қабылданды. Оның ішінде 39 мемлекеттік тілде, 31 жұмыс орыс тілінде болды. Шығармашылық жұмыстарды М.М.Катаев атындығы облыстық Оқушылар сарайының бейімдеп оқыту бойынша басшының орынбасары - Иманбекова Галия Майдановна, облыстық С.Торайғыров атындағы әмбебап ғылыми кітапханасының өлкетану және цифрлық технологиялар бөлімінің басшысы – Марал Таженова, Павлодар география үйінің директоры Александр Вервекин бағалады. Қазылар алқасы мемлекеттік және орыс тілінде 7-10 жас, 11-14 жас және 15-18 жас жас ерекшеліктер аралығындағы санаты бойынша «Проза» және «Поэзия» номинациялары бойынша баға берді. Жеңімпаздардың жұмыстары облыстық «Твой мир- Сенің әлемің» газетінің қараша-желтоқсан айының нөміріне баспаға шығады. - Қатысушылар шығармашылық жұмыстарын жазған кезде Еліміздің басты заңы туралы терең зерттеу жұмыстарын жүргізгені байқалады. Кейбір жұмыстар бірізділігімен ерекшеленеді, - деді Павлодар география үйінің директоры Александр Вервекин. |