Біз әлеуметтік желідемізБейнежаңалықтарОқушылар сарайыОблако теговЖиі оқылатын ақпаратБіздің қатысулар16885892
Бүгін Ертең Осы жұмада Өткен жұмада Осы айда Өткен айда Барлық күндер 9277 14492 49688 16552411 232337 334233 16885892 Сіздің IP: 18.222.21.222
Уақыт: 2025-03-14 22:07:42
|
«Интернетке тәуелділік» фотокөрмесі
2020 жылдың 21 қазанында Оқушылар сарайында «Интернетке-тәуелділік» Республикалық жобасы аясында «Жастар мен балалар арасында интернетке тәуелділіктің алдын-алу, сондай-ақ азаматтардың цифрлық беделін қорғау жөніндегі іс-шаралар кешенін жүзеге асыру мақсатында республикалық фотокөрмесі өтті.
Көрмеге М.М.Катаев атындағы Оқушылар сарайының клубтары мен студияларының тәрбиеленушілері, еріктілермен белсенділер,«Жас Ұлан» ББЖҰ және Павлодар қаласының оқушылары қатысты. Көрмеге қазылар алқасы таңдаған 30 үздік фотосурет қойылды. Фотокөрмеге келушілер қатысушының өздеріне ұнаған суретке арнайы смайликті жапсырды. Жеңімпаздарды таңдау кезінде смайликтер әлеуметтік желілерде алынған дауыстарға қосылды. 1 орынды Ризат Рахимжанов, 2 орынды – Дарья Балыкова, 3 орынды - Нарғыз Оразбаева жеңіп алды. Көрме жеңімпаздары ақшалай сертификатқа қол жеткізді. |