Мы в соцсетяхАнтикоррупционная службаДворец школьниковОблако теговСамые читаемыеНаши посещения17659171
Сегодня Вчера На этой неделе На прошлой неделе В этом месяце За прошлый месяц За все дни 948 14147 70821 17356200 110650 468472 17659171 Ваш IP: 3.147.103.209
Время: 2025-05-10 01:15:10
|
Шығармашылық байланыс
13 қараша күні Оқушылар сарайының мұғалімдері №34 мектепте шебер-сыныптар өткізді. Бұл іс-шара екі жақты келісім арқылы әдістемелік шығу ретінде ұйымдастырылды. Оқушылар сарайының мұғалімдері Хуако Виктория Геннадьевна, Вайберт Елена Валентиновна, Оспанкулова Асима Советовна, Юрченко Марина Владимировна, Тактаулова Анжела Касеновна, Атлан Татьяна Ивановна, Гоголь Анна Николаевна, Собинова Светлана Витальевна балалармен жұмыс жасады. Мектептің оқушылары құқықтық тәрбие, балалар журналистикасы, патриоттық тәрбие, әдеби бағыт, хореографиялық өнер, вокалдық өнер, сәндік қолданбалы өнер бойынша қызықты ақпарат алып, ойындар мен сайыстарда, тәжірибелік жұмыстарда өздерін сынап көрді. Тек оқушылар ғана емес, олардың сынып жетекшілері де Шакиримова Вера Саттаровна өткізген әдістемелік көмек сағатында болып, балалармен жұмыста қажетті ақпараттарды алды. Бұдан басқа Оқушылар сарайының эстетикалық бөлімі сәндік-қолданбалы өнер бұйымдарының көрмесін жасады. Ал жабылу салтанатында балалар мен мұғалімдер өз әсерлерімен бөлісті, хореографиялық өнер бойынша шебер сыныпқа қатысқан балалар үйренген билерін, сәндік-қолданбалы өнерде болғандар жасаған бұйымдарын көрсетті. Әдістемелік шығу екі жақ үшін пайдалы әрі қызықты өтті. |