Мы в соцсетяхАнтикоррупционная службаДворец школьниковОблако теговСамые читаемыеНаши посещения21614090
Сегодня Вчера На этой неделе На прошлой неделе В этом месяце За прошлый месяц За все дни 9365 9940 19305 21358977 109262 430355 21614090 Ваш IP: 216.73.216.46
Время: 2026-03-10 20:41:46
|
«Үздік Ұлан-2019» облыстық байқау-сайысы
2019 жылдың 24 қыркүйек күні М.М.Катаев атындағы Оқушылар сарайында қалалық, аудандық «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымы көшбасшылар мен қыранбасшылардың «Үздік Ұлан-2019» облыстық байқау-сайысы өтті. Аталмыш сайысқа келесі 11 мектеп қатысты:
Сайыстың сырттай кезеңінде қатысушылар өздерінің «Жас Ұлан» ұйымы туралы бейнероликтерді таныстырды. Сонымен қатар «Мен және менің ұйымым» атты сайыстың шығармашылық бөлімінде балалар мен жасөспірмідер өзінің қоғамдық жұмысын, әлеуметтік жобаларға қатысқандығын, іс-әрекет нәтижесін көрсете білді. «Мен ұлы елдің азаматымын» атты үгітбригадалардың және авторлық жобаларды қорғау конкурсы өте қызықты өтті. Конкурс қортындыысы бойынша қазылар алқасы жеңімпаздарды анықтады. Бас жүлдені Ақтоғай ауданы, Еңбекші ЖМ-нің оқушысы Сенбі Айбибі қанжығасына байлады. Барлық қатысушылар «Ең үздік бейнеролик», «Ең үздік тұсаукесер-визитка», «Үздік портфолио», «Ең үздік авторлық жоба» номинациялар бойынша дипломдарға қол жеткізді. - Сайыс қатысушылары өздерінің көшбасшылық, жан-жақтылық қасиеттерімен тапқырлықтарын көрсете білді, - деп сайысқа қортынды берген Самал Сулейменова, Павлодар облысы бойынша |














